Бүгін Алматыда іскерлік журналистика өкілдері бас қосты. Жиында қаржы, экономика, бизнес тақырыптарын жазудың жай-күйі талқыланды.
«Экономика саласына қалам тартатын қазақтілді журналистердің қатары тіптен аз. Орыс тілінде экономиканың банк пен қаржы, биржа, мұнай-газ, өндіріс, тағы басқа салаларының әрқайсысына бейімделген журналистер бар. Бізде жалпылама жазу үрдісі байқалады. Бизнес пен қаржыны, экономиканы ана тілімізде оқырманға түсінікті етіп жеткізу, соларды мемлекеттік тілде сөйлету кемшін түсуде» дейді жиналғандар.
Жиынға «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ардагер-журналист Жұмабек Жанділдин, іскерлік тақырыпта жазып жүрген белгілі журналист Әсия Акишева, Жас алаш газетінің шолушысы Гүлзат Нұрмолдақызы, Іскерлік журналистика мектебі мен 7kun.kz ақпарат агенттігінің негізін салушы Ербол Азанбек, «Қала мен дала» республикалық газетінің редакторы Нұрлан Жұмахан, «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық саяси-қоғамдық газетінің жауапты хатшысы Бауыржан Карипов қатысып ойларын ортаға салды.
Жиынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Сорос-Қазақстан қорының өкілдері ұйымдастырған. Бұл ұйымдар биыл аймақтық басылымдардағы экономика саласына жазатын қазақтілді журналистерге «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізген болатын. Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облысының редакторлары мен журналистерін қамтыған бұл жобаның мақсаты − аймақтық басылымдардағы экономика тақырыбына жазатын қазақтілді журналистерге мемлекеттік бюджеттің жоспарлануы, облыстар мен аудандарға бөліну критерийлері және т.б. мәліметтерді түсіндіруге бағыттылған. Тренинг аясында мемлекеттік мекемелер дайындайтын қорытынды есеп және өзге бюджет үдерісіне қатысты мәліметтерді халыққа түсінікті етіп жеткізуде сараптамалық мақалалар мен зерттеулер дайындау жолы көрсетілді.
Жоба жетекшісі Асқар Бековтың айтуынша оңтүстіктегі сапарын сәтті аяқтаған «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» жобасы алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан аймағындағы қазақ журналистеріне жол тартпақ.
Жиын барысында аталған жоба аясында ұйымдастырылған «Мемлекеттік ашық бюджет» тақырыбына арналған үздік зерттеу мақалалардың жеңімпаздары марапатталды. "Үздік мақала" аталымы бойынша Жазира Әшірбек, Индира Еркінқызы, "Үздік үйлесім" бойынша Асхат Шотаев, "Үздік талдау бойынша" Әзиз Батырбек жеңімпаз деп танылып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Тэги:
- бизнес
- экономика
- іскерлік журналистика
- «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп
- ардагер-журналист Жұмабек Жанділдин
- Жас алаш газетінің шолушысы Гүлзат Нұрмолдақызы
- Іскерлік журналистика мектебі мен 7kun.kz ақпарат агенттігінің негізін салушы Ербол Азанбек
- «Қала мен дала» республикалық газетінің редакторы Нұрлан Жұмахан
- «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық саяси-қоғамдық газетінің жауапты хатшысы Бауыржан Карипов
- Әсия Акишева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024