Серхио Канаверо есімді итальяндық хирург әлемдегі тұңғыш бас ауыстыру отасын 2017 жылдан бастамақ. Бас ауыстыру отасы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады дейді дәрігер.
Канавероның жаңа технологиялық тәсілі бір маймылдың басын екіншісіне салуға негізделген. Дәрігердің тәжірибесінде маймыл небәрі 9 күн өмір сүрді, осыдан кейін оның иммундық жүйесі өзге тәнді қабылдамай қойған болатын. Өзінің бұл жобасын дәрігер Американдық ортопедия және неврология хирургтарының конференциясында таныстырмақшы. Дәрігердің айтуынша, бас ауыстыру процесі науқас пен донордың денесін суытудан басталады. Ол процес ағзадағы жасушалардың оттексіз өмір сүре алатын дәрежеге жеткенінше жалғасады. Кейін ірі қан тамырлары бөлектеніп, жұлын алынады. Емделуші мен донордың жұлындары арнайы зат арқылы желімделеді. Одан соң науқасты төрт аптаға жасанды комаға жатқызады. Бұл қан тамырлары мен бұлшық-еттердің қалпына келуі үшін жасалады. Канавероның айтуынша, оянған соң емделуші өз бетін сезіне алады, ал бір жыл көлемінде жүруге дағдыланып кетеді. Канавероның бұл әдісі басқа әріптестерінің арасында көптеген дау туғызды. Кей дәрігерлер бұл медицина саласын жарып шығатын жаңалық десе, енді бірі бұл жобаның құритынын алға тартады. Дәрігерлер добаның техникалық жағы тәжірибе жүзінде зерттелмеген деп санайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024