Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің әлсіреуіне байланысты пікір білдірді.
«Теңгенің әлсірегенін көріп отырмыз. Біздің макроэкономикалық модельмен есептегенде баға мұндай болмауы керек. Бұл психологиялық, саяси санкциялы және болжамды жағдайға байланысты нарықтың жүйкелік әсері тұрғысындағы мәселе. Анығын айтқанда, біздің модель бойынша теңгенің бағамы мұндай болмауы керек еді. Теңге бағамына ықпал әлбетте бар. Корреляция 100% болмаса да, жеткілікті дәрежеде жоғары. Сондықтан, инфляцияның мөлшері жылдың соңына дейін біз қалаған дәлізден сәл жоғары болады. Яғни, бізде дәліз - 5-7%. Жылды шамамен 6 пайызбен аяқтауды жоспарлаған едік. Бірақ, теңгенің әлсіреуіне байланысты бұл көрсеткіш - 6,7-6,8% мөлшерінде болады деп отырмыз. Бірақ, 5-7 пайыздық дәлізден біз шықпаймыз», - дейді Тимур Сүлейменов.
Министрдің айтуына қарағанда, қазіргі таңда 8 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейі - тура 6% болып отыр. Демек, біз дәліздің тура ортасында келеміз.
«Салалардың өсімі бойынша теңгенің қазіргі бағамы 3,8 пайыздық өсімді белгілеген 2018 жылғы біздің мақсатқа қауіп төндірмейді. Сондықтан, ЖІӨ-дегі қандайда бір өзгерістер болмайды деген ойдамыз», - деп түйді министр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024