Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасының бірі - бірыңғай электрондық еңбек биржасын құру болатын.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс»,- деді бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев.
Тапсырма негізінде enbek.kz электронды еңбек биржасы іске қосылды. Бүгінде мұнда 79 915 жұмыс беруші, 383 000 жұмыс іздеуші тіркелген. Арнайы платформалар ірі мемлекеттердің көпшілігінде бар. Өйткені жұмыспен қамту әлемдегі ең өзікті мәселенің бірі. Бұл АҚШ, ЕуроОдақта да басты мәселе. Бұларда бұл бағыттағы жұмыс қалай жүзеге асуда? Екі алыптың тәжірибесі туралы аз ақпарат.
Еуропалықтар жұмысты еңбек нарығы: Еуропа аймағындағы мобильділікті қамтамасыз ету
Жаһандану экономиканың жеке салаларына да тиісінше әсер етті. Сондықтан көптеген адамдар жұмыс орны мен кәсібің өзгертуге бейімделуге мәжбүр. Жұмыс күшінің мобильділігінің артуы – мейлі жұмыс орнын ауыстырған жағдайда болсын, басқа елге, аймаққа көшкен жағдайда да қоғамдағы прогресс ретінде қабылданады. Еуропа Одағының негізгі принциптері де азаматтардың еркін жүруіне негізделген және азаматтарды жұмыс қамтудың жоғары деңгейімен тығыз байланысты.
1992 жылы Бірегей Еуропа нарығы енгізілгеннен кейін жұмысшылардың Еуропа Одағы аумағында еркін жүріп тұруға рұқсат берілген болатын. Алайда жалпы еуропалық еңбек нарығындағы бұл еркіндік заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде жүзеге асыру міндеті әлі де шешілмеген. Еуропа елдерінің Үкіметтері кәсіби мобильділікті арттыру бүгінгі ақпараттық еңбек нарығының талаптарына сай жаңа білім мен практикалық оқыту, өмір бойы үздіксіз білім алу бағдарламаларын жасауды талап ететінін алға тартуда. Кәсіби мобильділік туралы сөз қозғағанда, географиялық тұсын да ерекше атап өтеміз. Сол себепті мемлекеттік құрылымдар Еуропа Одағы аумағында еркін еңбек ету үшін заңдық және әкімшілік кедергілерді жоюға, ұлттық білім беру жүйелері арасында әріптестік орнатып, бір-бірінің дипломдарын мойындап, тілдерді меңгеруді қолдауға ұмтылуда.
Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері азаматтарды, компанияларды және еңбек нарығы мамандарын жоғары сапалы қызметпен және басқа секторлар мен аймақтарда, елдерде жұмыс істеу мүмкіндігіне қатысты нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге тырысады. Бүгінгі күні жұмыс орнын ашу бағдарламалары вакансиялардың виртуал нарығын қалыптастыруды қамтиды. Бұл жүйе жергілікті жұмыспен қамту орталықтарындағы, компаниялардың парақшаларындағы, газеттер мен жеке меншік еңбек биржаларындағы мыңдаған ұсыныстарды біріктіреді. Қажетті мамандықтар тізімін ұсынған жұмыспен қамту қызметтерінің интеграциясы мен дерекқор жұмыс берушілерге қызметкерлерді іздеу ауқымын кеңейтуге, ал жұмыс іздеушілерге өз вакансиясын жалпы әлемдік нарыққа ұсынуға мүмкіндік береді. 1994 жылы құрылған Еуропалық жұмыспен қамту қызметтерінің желісі (European Employment Services, EURES) бос вакансиялар мен халықаралық жұмысқа тұру жолдары, Еуропалық экономика аймағындағы (Еуропа Одағының 15 мемлекеті және Норвегия мен Исландия) жұмыс істеу тәртібі жайында толыққанды ақпарат береді. Халықаралық жұмысқа орналасу қызметіне деген сұраныс күн санап артып келе жатқандықтан, Еуропалық комиссия жаңа технология мүмкіндігін пайдалана отырып EURES желісін кеңейтіп, бекітуді жоспарлауда.
Заманауи технологиялардың арқасында жұмыспен қамту қызметтері адамдардың кәсіби жетістіктері мен қабілеттері, квалификациялары жайында ақпаратты пайдалана отырып жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер мүддесін түйістіре алады. Сонымен бірге іздеу машинасы іспеттес вакансия релеванттығын есептейді. Мысалы, іздеу нәтижесінде вакансия сіз сұраған сұраным бойынша 88 пайызға не 75 пайызға сәйкес келетінін, 5 жұлдызшаның 3,5 баллын жинағаны анықталуы мүмкін.
Сонымен бірге ақпараттық технологиялар мемлекетке мониторинг жүргізіп, клиенттері жайында ақпаратты тексеру үшін статистикасын шығаруға, сапа бақылауын қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгіндері жұмыспен қамту қызметтерінің Еуропа тұрғындарына ұсынатын вакансиялар саны да артты. Себебі бұл қызметтер жұмыс берушілерге де, жұмыс іздеушілерге де кеңес береді, мінездеме не сипаттама айта алады.
EDEN4 жобасы – жұмыс іздеудегі ұтымды жүйе
2002 жылы Еуропалық комиссия EURES желісімен интеграцияланатын және үміткерлер түйіндемесін орналастыру платформасы болатын EDEN (Employment Data Exchange Network) пилоттық жобасын қаржыландырды. EDEN жобасы Валлония деген Бельгия провинциясының мемлекеттік мекемесі саналатын Forem жұмыспен қамту қызметінің басшылығымен жүзеге асты. Бұл жобаға Франция, Норвегия, Швеция, Португалия және Люксембург елдерінің жұмыспен қамту қызметтері қатысты.
EDEN – Еуропаның түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамту қызметтерімен байланысқа түсуге мүмкіндік беретін орталықтанған, көптілді веб-платформа. Бұл жүйе жұмыс берушілерге де, жұмыс іздеушілерге де, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша ұлттық және еуропалық кеңесшілерге үміткерлер түйіндемесін жүктеп не қажет вакансияны тікелей іздеуге мүмкіндік береді. Жұмыс іздеушілер EDEN жүйесіне тікелей не өздерінің ұлттық жұмыспен қамту қызметтері арқылы қосылып, вакансия қарастыруға, жеке парақшасын ашып, қай елде жұмыс істегісі келетінін жаза алады. Болмаса кез келген мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің қызметкері сол адам жайлы ақпаратты өздерінің ішкі ведомстволық жүйесіне енгізе алады. Кейін ол ақпарат EDEN жүйесіне жіберіледі. Компаниялар болса, тікелей EDEN не ұлттық жұмыспен қамту орталығы арқылы өздеріндегі бос вакансияларды жариялай алады. EDEN жүйесі мен ұлттық жұмыспен қамту қызметтері арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін Microsoft BizTalk Server мен кең таралған интернет-стандарт XML қолданылды. BizTalk сервері әрбір қатысушы елге өзінің еңбек саясатын сақтауға мүмкіндік береді.
АҚШ-тың еңбек нарығы: негізгі мақсат – жұмысшы мүддесін қорғау
АҚШ-тың еңбек нарығы мәселені әр орталық пен жекелеген штат деңгейінде шешуімен ерекшеленеді. АҚШ-та еңбек нарығындағы жағдай және Еңбек министрлігі мен Еңбек департаменті (U.S.Department of Labor) реформаларының тиімділігін қадағалайтын арнайы маманданған орган жұмыс істейді.
Еңбек департаменті еңбек пен жұмыспен қамту саласындағы негізгі федералды заңдардың орындалуын қадағалап, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында делдал қызметін атқарады. Ол сәйкес вакансияны іздеуге, екі жақтың мүддесін қорғауға атсалысып, еңбек нарығының жағдайына мониторинг жасауға, экономикалық құралдарды енгізуге араласады. Жалпы алғанда ол 10 млн жұмыс беруші және 125 млн жұмысшының құқығын қамтамасыз етеді. АҚШ-тың Еңбек департаментінің функционалды бөлімшелеріне мыналар жатады:
1.Жұмыспен қамту мен кәсіби даярлау басқармасы
- Әйелдер ісі жөніндегі бюро
- Ардагерлерді жұмыспен қамту және кәсіби даярлау қызметі
4.Халықаралық еңбек қатынастары жөніндегі бюро
5.Жұмыспен қамту стандарттарының орындалуын қадағалау басқармасы
- Зейнетақы төлеміне кепілдік беретін корпорация
7.Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту саясаты бөлімшесі
8.Еңбек және денсаулық қорғау басқармасы
9.Кен өндіруші өнеркәсіпте еңбек және денсаулық қорғау басқармасы
10.Әлеуметтік қамсыздандыру төлемдері басқармасы
11.Еңбек статистикасы бюросы
АҚШ еңбек нарығына мониторинг жасауда Санақ бюросының (U.S. Census Bureau) маңызы зор. Бұл бюро АҚШ халқы мен экономикасы хақында сапалы мағлұмат беретін негізгі көз.
Осылайша шешімі маңызды мәселелер ауқымы кең екенін ұғу қиын емес. АҚШ бұл бағытта 4 стратегиялық мақсатты ұстанады. Біріншіден, тиімді даярлау бағдарламалары және жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы ақпарат арқылы кәсіби сауатты жұмыс күшін қалыптастыру. Екінші мақсат - бәсекеге қабілетті, жұмыс сапасы әлемдік экономика мен бәсекеге сай болатын жұмыс күшін қалыптастыру. Үшінші мақсатқа яғни, жұмыс күшінің қорғалуына жету үшін қауіпсіз және квалификацияға сәйкес келетін жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, еңбекақысының төленуіне кепілдік беру, ардагерлер мен жұмыссыздардың құқығын қорғау қажет. Төртінші мақсат – жұмысссыздықтан сақтандырудың тиімді жүйесі, травматизм, зейнетақымен қамсыздандыру, компенсациялық төлемдер және кәсіби одақтар жұмысының анықтығы арқылы жұмысшылардың экономикалық қолдауды арттыру. Мемлекеттік жұмыспен қамту агенттіктерімен қатар рекрутингтік агенттіктер де кеңінен тарауда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024