31 желтоқсан 2017 жылға көлік салығын өсімпұлсыз төлеудің соңғы күні. Мемлекет алдында қарыз болып қалмас үшін не істеу керек?
Ең бірінші қанша салық төлейтініңізді анықтап алыңыз. Айта кетейік, салықты бір жылға емес, көлік сатып алғаннан бергі нақты уақытқа төлейсіз. Мысалы: 2017 жылдың тамызында сатып алсаңыз 5 айға төлейсіз. Оған дейінгі салықты сізге сатқан адам төлеуі керек. Яғни салық қарызы сіз сатып алған кезде сізге берілмейді. Егер жыл басынан бері меншігіңізде болса, онда бір жылға төлем жасауыңыз керек.
Қанша салық төлейтініңізді білу үшін мемлекеттік кірістер қызметінің ресми сайтынан немесе egov.kz -тегі ресми калькулятор арқылы есептеп білсеңіз болады. Немесе салық органына барып біле аласыз.
Біле жүріңіз!
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап автокөлік салығын төлеу кезінде 17 белгіден тұратын, техникалық паспортта көрсетілген VIN-кодты көрсету керек! Жеңіл көлікте шанақ нөмірі, жүк көлігінде шасси нөмірі VIN-код болып саналады.
Барлық көліктің салығы бірдей ме?
Маркасы бірдей көліктің барлығының салығы бірдей емес. 2014 жылы көлемі салық заңына өзгеріс енген. 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін 3 000 куб см жоғары Қазақстанда өндірілген (құрастырылған, жасалған) немесе ҚР аумағына әкелінген жеңіл автокөліктердің салығы жоғарылаған. Сондықтан көлемі жоғары жаңа автокөліктердің салығы «ескі» көліктерге қарағанда жоғары.
Пикап, лимузин, электрокөліктердің салығы қандай?
Бұрын бұлар жүк көлігі мен автобустар санатына қосылатын. Двигатель көлемі 4 литрден асса да олардың салығы жеңіл көлікке қарағанда төмендей болатын. Салық кодексіне енген өзгеріске сәйкес олар да жеңіл көлік саналып, салығы двигатель көлеміне қарай жеңіл көлік ретінде есептеледі. Ал электрокөліктер салықтан босталыған. Гибридтер жеңіл көлік ретінде салық төлейді.
Есте ұстаңыз!
Егер сақтандыру полисімен басқа адамның атындағы көлікті айдап жүрсеңіз, салық төлеу кезінде иесінің ЖСН нөмірі мен көлік тіркелген ауданды біліп алуыңыз керек. Салық төлеу кезінде ақша басқа ауданның шотына түсіп кетсе, базада салық төленбеген болып есептеледі. Салықты төлегеніңізді дәледеп жүгіру уақыт алатынын жақсы білесіз.
Салықты кім төлемейді?
Заң бойынша автокөлік салығын төмендегі адамдар төлемейді:
-
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, Тыл ардагерлері, соғыс кезіндегі ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталғандар.
-
Мүгедектер – тек иелігіндегі бір көлікке ғана салық төлемеуге рұқсат.
-
Кеңес одағының батыры, Социалистік Еңбек ері, Халық Қаһарманы, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан» ордені мен «Даңқ» орденінің үш дәрежесіне ие болғандар, «Батыр-ана», «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгісін алған аналар.
Алайда, жеңілдікке ие азаматтар жылына бір рет тіркелген жеріндегі мемлекеттік кірістер басқармасына жеңілдігін дәлелдейтін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынуы тиіс.
Ұрланған немесе Сенімхат арқылы сатылған автокөліктер не істейді?
Сіз құжат жүзінде көліктің иесі саналасыз. Сондықтан салық төлеуіңіз керек. Бұған тап болмас үшін сату кезінде көлікті есептен шығарып тастаған дұрыс. Егер ұралнған жағдай болса уақытша есептен шығара тұруға болды.
Салықты қайда төлесем болады?
Кез-келген банк кассасында немесе интернет-банкинг арқылы, «Қазпошта» бөлемшелерінде, мемлекеттік кірістер басқармасының кассаларында, egov.kz порталында төлеуге болады. Бұл үшін көліктің VIN-коды мен иесінің ЖСН білу керек.
Салықты төлемесем не болады?
Төлемесеңіз жаңа жылдан бастап салық органдары мазалай бастайды. Басында сыпайы түрде төлеуді өтінеді. Егер оған көнбесеңіз, салық сомасына өсімпұл қосылады, кейін сот орындаушысы пайда болады, көлігіңіздің жүруіне тиім салады, өзіңіздің шетелге шығуыңыға тиым салады. Салық қарызы бар көлікті сату кезінде басқа адамның атына рәсімдей алмайсыз. Сондықтан кешіктірмей, 31 желтоқсанға дейін салығыңызды төлеп, келер жылға қарызсыз баруға әрекет жасаңыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024