Астана. 2 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылады. Бұл халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіш.
Оның ішінде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа шығындары 17,8%, жемістер мен көкөністердікі 9,8%, нан және жарма өнімдері – 8,7%, қант, шай және дәмдеуіштер шығыны 2,7%-ды құрады.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда | 0-13 жастағы балалар | 14-17 жастағы жасөспірімдер | 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық | Зейнет-керлер мен қарт адамдар | |||
жас жігіттер | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы | 21 835 | 17 655 | 27 572 | 21 129 | 25 949 | 20 601 | 20 435 |
Азық-түлік тауарлары | 13 101 | 10 593 | 16 543 | 12 678 | 15 569 | 12 361 | 12 261 |
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер | 8 734 | 7 062 | 11 029 | 8 451 | 10 380 | 8 240 | 8 174 |
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024