Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 1,5 пайызға жоғарылады

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 1,5 пайызға жоғарылады

Астана. 2 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылады. Бұл халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіш.

Оның ішінде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа шығындары 17,8%, жемістер мен көкөністердікі 9,8%, нан және жарма өнімдері – 8,7%, қант, шай және дәмдеуіштер шығыны 2,7%-ды құрады.

 
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 0-13 жастағы балалар 14-17 жастағы жасөспірімдер 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық Зейнет-керлер мен қарт адамдар
жас жігіттер қыздар ерлер әйелдер
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 17 655 27 572 21 129 25 949 20 601 20 435
Азық-түлік тауарлары 13 101 10 593 16 543 12 678 15 569 12 361 12 261
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 8 734 7 062 11 029 8 451 10 380 8 240 8 174

Похожие материалы