Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күзде жаңа 20 еуро банкноты айналымға шығады

Күзде жаңа 20 еуро банкноты айналымға шығады

Осы жылдың 25 қарашасында еуроаймақтың орталық банктері айналымға 20 еуро ақша белгісін шығарады деп хабарлайды BNS.

Жаңа банкнотта финикиялық Еуропа патшаның мифологиялық қызы бейнеленген. Оның көшірмесі Париждағы Лувр мұражайында сақтаулы көне сауыт-кратердің суретінен алынды.

Deutsche Welle ақпаратына сүйенсек, бұл шығарылым ескі ақша белгілерін жаңаларына біртіндеп ауыстыру бағдарламасының аясында жүргізілуде. Қазіргі кезде 5 және 10 еуро ақша белгілері айналымға енгізілді, олар сәйкесінше 2013 жылдың мамырында және 2014 жылдың қыркүйегінде шығарылған.

Еуропа орталық банкі бұл жолы алдындағы екі шығарылым тәжірибесін ескеріп, қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін тексеруші, сауда және өзге автоматтардың өндірушілеріне автоматтарын жаңа ақша белгісіне бейімдеу үшін көбірек уақыт береді - осы жылдың қараша айының аяғына дейін, осы кезден бастап банктер жаңа еуроны беріп бастайды.

Ескі банкноттардың жарамдылық мерзімі шектелмеген, олар айналымнан біртіндеп шығарылатын болады.

Ескі 20 еуро белгісі жалған ақша жасауға ең жиі ұшырайтын банкнот.

Похожие материалы