Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кабельдік операторлар бизнесті жүргізу стандарттарын жасап шығарады

Кабельдік операторлар бизнесті жүргізу стандарттарын жасап шығарады

Қазақстанның кабельдік операторлары бизнесті жүргізу стандарттарын жасап шығаруға келісті. Олар ақпаратты ашудың, техникалық нормативтердің, ретрансляция шарттарын жасасу тәртібінің және т.с.с. ережелеріне регламент белгілейді деп хабарлады "Алма-ТВ" ЖШС баспасөз қызметі.

Құжатты Қазақстан Республикасының Телерадио хабар тарату операторларының қауымдастығы қатысушыларының арасындағы кабельдік саланы өздігінен реттеу механизмі ретінде қарастыру ұсынылады. Шағын аймақтық операторлардың осы салалық стандартқа қосылуы оларға контентті ірі кабельдік операторлармен бірдей шарттарда сатып алу мүмкіндігін бере алады.

"Қазақтелеком" АҚ, "АЛМА-ТВ" ЖШС, "ICON" ЖШС, аймақтық кабельдік операторлардың және "Қазақстан Республикасының Телерадио хабар тарату операторларының қауымдастығы" ЗТБ өкілдері сала жұмысына регламент белгілеу елдің ақпараттық алаңының қауіпсіздігін нығайтады және меншік құқығының бұзылуына және заңсыз спутниктік хабар таратуды қоса алғанда, ел аумағында каналдардың заңсыз таратылуына қарсы күресте айтарлықтай үлес қосады деген ортақ ойға келді.

Ақпарат көзі: vlast.kz

Похожие материалы