Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

kaspi.kz арқылы айыппұл төлеу оңайлады

kaspi.kz арқылы айыппұл төлеу оңайлады
Kaspi Bank-тің kaspi.kz сайтында айыппұл төлеу жүйесінің қызметі оңтайландырылды. Сайт шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында видеоға түскен жол ережесін бұзу және әкімшілік хаттама бойынша электронды үкімет egov.kz-тің электронды шлюзін қолдану арқылы айыппұл төлемдерін қабылдайды. Қазіргі кезде төлем жасалған соң төлем туралы хабарлама egov.kz арқылы өтіп, ҚР ІІМ базасына келіп түседі. kaspi.kz арқылы төлем жасалған соң айыппұлдар полиция базасынан автоматты түрде алып тасталынады. Енді арнайы мамандандырылған бөлімшелерге (АвтоХҚО) барып, айыппұлды алып тастау үшін ұзақ уақыт кезекте тұрудың қажеті жоқ. Мұнымен қатар сайтта қолданушыларға ыңғайлы болу үшін «Хаттама» және «Видеотүсірілім» бөлімдерін біріктірілген. Енді клиент айыппұлдардың бар-жоғын тексерген кезде және Жол ережесін бұзушылық анықталса өзінің төлегісі келген айыппұлдарды таңдау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, айыппұлдарды автоматты іздеу қызметі іске қосылған. Енді жүйе клиенттің мәліметтерін сақтап алып, аптасына бір рет базадан жол ережесін бұзу фактісі бар-жоғын өздігенен тексереді.  Егер жүйе ереже бұзушылықты тапса, клиент бұл туралы kaspi.kz-тегі жеке кабинетіндегі «Менің төлемдерім» бөлімі арқылы ақпарат алады. Айыппұлдарды комиссиясыз төлеуді келесі әрекеттер арқылы жасауға болады:
  1. Kaspi Bank-тің кез-келген картасынан
  2. Kaspi Bank-тің теңгелік депозитінен
  3. Kaspi Әмияннан
  4. Кез-келген банктің VISA немесе MasterCard карталарынан

Похожие материалы