Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz IPO уақытын кейінге шегерді

Kaspi.kz  IPO уақытын кейінге шегерді

Алматы. 7 қазан. 7kun.kz  - Kaspi.kz халықаралық қорлар нарығындағы және жаһандық технологиялық сектордағы жағдайларға байланысты IPO уақытын кейінге шегерді.

«Біз Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көтере алғанымызға қуаныштымыз. Біз бірінші санатты инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық байқадық. Осының арқасында бірінші санатты инвесторлар Қазақстанды инновациялық технологиялық компаниялары бар ел ретінде таныды. Сонымен қатар біз халықаралық капитал нарығында жағдай тұрақталғанша Лондон биржасына шығуды уақытша тоқтата  тұруды шештік»,-деді Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

«Біздің жоспарымыз ұзақмерзімді. Біз клиенттерімізді жақсы көреміз және 5 миллионнан астам қазақстандықтың өмірінің бір бөлшегіне айналған еліміздегі ең танымал қосымша Kaspi.kz-ті шабытпен дамытамыз»,-дейді ол.

Похожие материалы