Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – Kcell бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында (KASE) 2,86%-ға төмендеді. Олардың құны шамамен 1845 теңгеге белгіленген.
Сондай-ақ, қызыл аймақта Халық банкінің акциялары болды. 2019 жылғы 14 қаңтар мен 18 қаңтар аралығында баға белгіленімі 100 теңгеден 98,48 теңгеге дейін 1,52% төмендеді.
Бұдан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары (-0,84%) 1405 теңгеге дейін азайды.
Бір апта ішінде Kaz Minerals (2605,01 теңге) қағаздары 1,72%-ға қымбаттады. Жасыл аймақта KEGOC (+0,56%), ЦентрКредит Банкі (+0,42%) және «Қазақтелеком» (+0,01%) акциялары болды. Олардың құны 1 619,84 теңге, тиісінше 238 теңге және 32 753,99 теңгені құрады.
Жалпы, KASE индексінің мәні бір апта ішінде 0,41%-ға төмендеп, 2323,35 пункт деңгейінде бекітілді.