
Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Kcell ұялы операторы ВТБ (Қазақстан) Банкімен 12 ай мерзімге 5 млрд теңгеге несие желісі туралы келісім жасалғанын жариялады.
Сыйақы мөлшерлемесі жылына 10,9% деңгейінде белгіленді, ұйым үшін бір реттік комиссия - 0,25%.
«Келісімнің мақсаты айналым капиталын қаржыландыру, соның ішінде басқа банктер алдындағы берешекті қайта қаржыландыру болып табылады», - делінген оператордың хабарламасында.
Kcell-дің негізгі акционері «Қазақтелеком» АҚ (75%) болып табылады.
Қазақстанда Kcell-ден басқа GSM стандартының тағы екі ұялы байланыс операторы жұмыс істейді: «Кар-Тел» және біріккен «Tele2 Қазақстан» және «Алтел» компаниясы.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ВТБ банкі (Қазақстан) активтер көлемі бойынша Қазақстанның 28 банкі арасында 18-орынға ие болды.