Әке, мен сені ешқашан жемеймін... Қазақстанда ашаршылық туралы фильм түсіріледі
MG productions кинокомпаниясы мен StartTime краудфандинг платформасы бірлесіп, қазақ халқының трагедиясы туралы салмақты тарихи кино-жобаны қолға алды. "Ашаршылық" тарихи-драмалық фильмі шынайы өмірде болған оқиға желісімен түсіріледі. Бұл туралы идея авторлары мен түсіру тобы арнайы баспасөз мәслихатында айтты.
Аталған фильм ашаршылық туралы Қазақстандағы алғашқы туынды. Фильм идеясы ашаршылық дәуіріндегі қиындық пен қатар қанша ауыр жағдайда қалса да, тірі қалған халықтың рухы мен намысын бейнелейді. Одан бөлек, ұлттық құндылықты сақтау, оның ішінде адамгершілік, бірлікке ерекше мән беріледі.
[caption id="attachment_76805" align="alignnone" width="2048"] "Ашаршылық" фильмі туралы баспасөз мәслихаты.[/caption]"Ашаршылық" фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Марина Кунарова бұл идеяны 5 жыл бұрын жазған. Оның айтуынша, барлығы ашаршылықтан зардап шеккен бір отбасының оқиғасын естігеннен басталған...
12 адамнан тұратын бір үлкен отбасы жұт кезінде толығымен қырылып қалған.
[caption id="attachment_76806" align="aligncenter" width="660"] Фото: start-time.kz[/caption]Ата-ана үшін баласының өлімін көруден өткен қорқыныш бар ма?! Отбасы жеуге жарамды деген дүниенің барлығын қорек етті. Жануарлардың ескі терісі мен сүйектерін қайнатқан. Ал үйде ештеме қалмаған кезде анасы амалсыздан қазанға құр суды қайнатып, балаларын дәмді сорпа пісіріп жатырм деп алдайтын. Ал балалары жақында тамақ дайын болады деген үмітпен ұйқыға кете берді. Анасы балаларының қайтып оянбайтынын біле тұра, үлкен қорқынышпен таңды күтті. Балаларын құтқарып қалу үшін әке-шешелері не істемеді десеңші!...
[caption id="attachment_76807" align="aligncenter" width="800"] Фото: start-time.kz[/caption]«Мұның барлығын тыңдау өте ауыр болды. Дегенмен, біз олардың отанына деген сүйіспеншілігіне таң қалдық», - деді фильм режиссері.
Осыдан кейін, фильм бастамашылары 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты барлық материалдарды зерттей бастаған. Әрбір тарих, әрбір табылған жаңа факт қазақ халқының басынан өткізген қайғысын қозғады.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық - бұл адам қолымен қасақана жасалған ең үлкен қылмыстардың бірі. Ашаршылық салдарынан қазақ халқының 70 пайызға жуығы қырылып, 1,5 милионнан астам адам туған жерінен қашып, шекара асуға мәжбүр болды. Деректер бойынша, 1911 жылдары қазақтардың саны 8,5-9 млн болып түркі тілдес халықтардың ішінде Осман түріктерінен кейін екінші орында еді. Ал 1939 жылғы деректерге жүгінсек аштықтың салдарынан небәрі 2,4 млн қазақ қалған.
Марина Таңатқызының айтуынша, жұт кезінде халықтың қалай қор болғанын ести тұра, суреттердегі адамдарың көзіндегі сөнбеген үмітті көре тұра, қол қусырып шетте қалу мүмкін емес еді.
[caption id="attachment_76810" align="alignnone" width="2048"] Фильм режиссеры Марина Кунарова мен MG Productions бас продюсеры Ернар Маликов[/caption]«Біраз уақыттан кейін біз "Жұт" қойылымын көрдік. Оның бізге әсер еткені соншалық, барлығын тастап, жобамыздың жүзеге асуы үшін күресе бастадық», - деді ол.
Осы уақыт аралығында сценарийдің 5 нұсқасы жазылды. Көптеген әдебиеттер мен архивтер қаралған. Күнтізбелік жоспар құрылды. Бірақ 2017 жылы ғана Еуропалық кино қоры қолдау білдіріп, фильм бюджетінің тең жартысын төлеп беруді ұсынды. Содан кейін ғана жобаның жүзеге асуы айқындала бастаған.
Шетелден серіктестер тартылды. Мысалы, Еуропа мен Германия жобаны поспродакшен сатысында қолдайды. Фильмнің шетелдік дистрибьюторы табылды. Еуропада шетелдік фильммейкерлердің қызығушылығын тудырған питчингтер өтті.
Режиссер мен продюссерлердің басты мақсаты - көп жылдар бойы жасырылып келген өткенге қатысты шындықты жеткізетін фильм түсіру. Біздің халықтың басынан не өткенін бүкпесіз көрсету.
«Біз адамдар осы фильмнің арқасында өмір туралы, жақындары туралы, туған жері туралы пікірлерінің өзгергенін қалаймыз. Барлығымыз қазіргі өміріміздің қадірін, бақытты екенімізді түсінуіміз керек. Әр күнімізді бағалап, бақытты болуымыз қажет. Себебі, біздің халық бақытты болуға лайықты!», - деді режиссер.
Аталған фильмнің түсірілімі үшін 283 млн 500 мың теңге қажет.
- 45 пайыз соманы Еуропалық кино қоры салды. Қалған 55 пайыз соманы Қазақстаннан тартуымыз керек. Себебі, бұл біздің фильм.
2. 45 пайыз соманы біз жеке инвесторлар мен коммерциялық компаниялардан тартуды қарастырып отырмыз.
3. Ал фильм бюджетінің қалған 10 пайызын халықтық қаржыландыру арқылы толтыру жоспарланып отыр.
Салымшылар мен халықтан қаржы жинау StartTime краудфандинг платформасымен жүзеге асады. Ол арқылы 28 млн 350 мың теңге жиналуы тиіс. Қаржы толығымен фильм түсіріліміне жұмсалады. Жоспар бойынша, түсірілім 2017 жылдың қарашасында басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. Ал 2018 жылдың күзінде "Ашаршылық" фильмі әлемдік прокатқа жол тартады.
Киноға әрбір қазақстандық кез келген сомада қолдау көрсете алады. Салымшыларға фильмнің HD форматтағы фильм көшірмесі беріледі. Одан бөлек, түсірілімге қатысуға да мүмкіндіктері болады. Алдын-ала жабық көрсетілімдерге шақырылады. Толық ақпаратты мына сілтемеге өту арқылы біле аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024