Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі (мысалға Қазақстан Республикасы) дипломдық жұмыс
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — кедендік жүйені әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін кедендік тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Кедендік тарифтерді реттеу кеден саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, кедендік төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған байланысты кеден қызметін, құралдарын жетілдіру кеден төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды. Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі, өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі -мемлекеттердің ұлттық кеден бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек. Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері, бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары қажет. Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР кедендік төлемдердің алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап көрсету. Яғни, осы жұмыстың объектісі болып кедендік төлемдерді алудың қазіргі кездегі жағдайы табылады. Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды: - әдебиетте аз зерттелген кедендің төлемдерді алудың теориялық мәселелерінің кейбір көріністерін анықтау; - кедендік төлемдердің қазіргі жағдайын көрсетіп Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасының төлем жұмыстарын талдап, оның нақты резервтерін ашу; - Қазақстан кеден органдарының төлем алу механизмдерін жақсарту мөселелерін анықтау. Диплом жүмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан жөне қолданылған өдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде алған тақырыптың актуалдылығы, қабылдаған мақсат пен міндеттер көрсетілді. Бірінші тарауда кедендік төлемдердің теориялық мөселелері қаралды. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының кедендік төлемдердің қазіргі кездегі жағдайлары Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасының үлгісінде қарастырылды. Жүмыстың үшінші тарауынды кеден органдары жағынан берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың қазіргі кезеңдегі жағдайы, сол сияқты бүгінгі таңдағы кеден қызметінің проблемалары жөне жақын болашақтағы тиімділігін көтеретін жетілдіру жолдары анықталды. Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізінде шет ел жөне Қазақстан ғалымдарының әдебиет жұмыстары, ағымдағы ақпарат материалдары және ресми түрде шығатын статистикалық мөліметтер қолданды.
1 Тарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары 1.1. Кедендік төлемдер ұғымы мен түрлері Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік қүралдарын өткізу кезінде және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы" Заңмен (бұдан ары — "Кеден ісі туралы Заң") бекітілген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің келесі түрлері алынады. - кеден бажы; - Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензияны беру үшін алым; - кедендік рәсімдеу бойынша маманның біліктілік күәлігін беру үшін алым; -кедендік рөсімдеу үшін кедендік алым; -алдын ала шешім қабылдау үшін төлем. Кеден бажынан басқалары Қосымша 1-де көрсетілген). Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және бұл аумақтан алып кетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік баждар салынады. Кеден баждары — тауарларды, бағалы заттарды, әр түрлі қозғалатын мүлікті, оның ішінде кеден ведомствосының бақылауы астында шекара ақылы өткізілетін жылу, электр және тағы басқа энергияларды әкелу, аумақтан асырып өткізу немесе алып кету кезіндегі кеден органдарымен алынатын міндетті түрдегі мемлекеттік ақшалай алымдар. Баж салынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде көрсетілген. Кедендік тариф сыртқы сауданы экономиакалық реттеудің классикалық құралы болып табылады. Кедендік баждар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес жүйеленген және топтастырылған. СЭҚ ТН Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталынады және Тауарларды кодтау мен суреттеу үйлестірілген жүйесіне негізделінеді. Үйлестірілген жүйе (ҮЖ) Дүниежүзілік Кеден Ұйымымен (ДКҰ) жүргізіледі). Қазақстан Республикасында кедендік тарифті қолдану мақсаттары: • Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелудің құрылымын оңтайлату; • тауарларды әкелу мен әкетудің, Қазақстан Республикасының аумағындағы валюталық кірістер мен шығындардың тиімді қатынастарын ұстап тұру; • Қазақстан Республикасының экономикасын шетел бәсекенің тиімсіз әсерінен қорғау; • әлемдік экономикаға Қазақстан Республикасының тиімді интеграциясы үшін жағдай жасау. Экономикалық мазмұны бойынша кеден баждары келесі түрлерге бөлінеді: - мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейтуге арналған фискалды баждар; - ұлттық өнеркәсіптің кейбір салаларын шетелтауарларының ағымынан қорғау мақсатында қолданылатын протекционистік баждар; - белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты преференциалдық әкелу баждары; - белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты олардың импортын көтермелеу мақсатымен енгізілетін жеңілдетілген (ынталандыратын) баждар; - теңестіретін, яғни импортталатын тауарлардың бағаларын ұлттық өндірістің тауарлар бағаларымен теңестіру мақсатымен негізгі әкелу баждарын толықтыратын баждар. Республикамызда кеден баждар мелшерлемелерінің келесі түрлері қолданылады: > адвалорлық; > ерекшеленген; > аралас. Адвалорлық (лат. аd lavorет - құн бойынша) мөлшерлемелері баж салынатын тауардың кедендік құнының пайызы мөлшерімен есептелінеді. Адвалорлық ставка бойынша есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула арқылы есептелінеді: ТС * АС = ТП, мұндағы:ТС - қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес анықталынатын тауарлардың кедендік құны, АС -кеден бажының адвалорлық мөлшерлемесі, ТП - кеден бажының сомасы. Ерекшеленген мөлшерлемелері баж салынатын тауардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерінде есептелінеді. Ерекшеленген мөлшерлемесі бойынша есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула арқылы есептелінеді: к * сп = тп, мұндағы: К - баж салынатын тауар бірліктерінің саны, СП — кеден бажының ерекшеленген мөлшерлемесі, ТП — кеден бажының сомасы. Аралас мөлшерлемелер — бұл адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелерді қамтитін мөлшерлемелер. Аралас мөлшерлемелерді қолдану барысында кедендік баж сомаларын есептеудің келесі әдістері қолданылады: ■ адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелерді бірге қолдану (мысалы: 5% + 2 евро/кг), яғни адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінген кедендік баждарының сомаларын қосу; ■ есеп сомасының үлкенін таңдау (мысалы:20%,бірақ 1 кг. Үшін 2 евродан аз емес), бұл кезде төленуге тиісті кеден баж сомасын анықтау үшін кеден баж сомасы адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінеді, бірақ олардың үлкені төленеді. Тауарларды әкелу мен әкетуді оперативті реттеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі маусымдық баждарды бекітеді. Бұл кезде кедендік тарифте көрсетілген кедендік баждарының мөлшерлемелері қолданылмайды. Маусымдық баждарының мерзімі жылына алты айдан аспау керек. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында әкелінетін тауарларға баждардың ерекше түрлері салыну мүмкін: арнайы, антидемпингтік, өтемдік. - Арнайы баждар келесі шаралар ретінде қолданылады: қорғаныс шара ретінде, егер тауарлар ұқсас немесе тікелей бәсекеге түсетін тауарлардың ұлттық өндірушілеріне залал келтіретін немесе келтіре алатын көлемімен немесе шартымен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін болса; басқа мемлекеттер немесе олардың одақтары жағынан кемсіту және тағы басқа (Қазақстан Республикасының мүдделеріне кері әсер тигізетін) әрекеттерге жауапты шара ретінде. - Антидемпингтік баждар тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін мемлекеттегі бағасынан төмен бағамен әкелінетін жағдайда қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне материалдық залал келтірсе (келтіре алса) немесе Қазақстан Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жол бермес. - Өтемдік баждар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өндіріс немесе экспорт кезінде тура немесе жанама түрде жәрдемақылар пайдаланылған тауарларды әкелген жағдайда қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне материалдық залал келтірсе (келтіре алса) немесе Қазақстан Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жол бермесе. Әдетте тауардың шығу еліне байланысты кедендік тарифтердің бірнеше мөлшерлемесі болады: - минималды (негізгі); - максималды (басты); - преференциалдық . Өзара ең қолайлы режимін (ЕҚР) ұсынуды қарастыратын сауда келісімшарттарға отырған мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты минималды мөлшерлеме қолданылады. Сауда келісімшарттар жасаспаған мемлекеттерден әкелінетін немесе шығу елі белгісіз таурлар екі еселенген негізгі, яғни басты мөлшерлемесі салынады.Дамушы мемлекеттерден импортталатын тауарларға кеден бажының преференциалдық мөлшерлемесі салынады. Ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарларды әкелу кезінде преференциалдық нөльдік мөлшерлеме қолданылады. Өнеркәсіптік дамыған мемлекеттердің дамушы елдер үшін преференциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауында ұйымдастырылған Преференциялар жалпы жүйесіне кіреді. Кеден баждарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі, бірыңғай болып табылады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізетін тұлғаларға, мәміле түрлеріне, кеден заңдарында көрсетілген кездерінен басқа жағдайларға байланысты өзгертілмейді, және ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде импорттаушылардан кеден төлемдерінің ішінде қосымша құнға салынатын салықтары (ҚҚС) мен акциздер алынады. Ұлыбританияның Салықтық Әкімшілік ету жағынан Кеңесшісі Брайн Джонс ҚҚС пен акциздер туралы келесідей айтқан: Акциздік алым немесе акциздік салық ол фискаддық баж деп аталатын алым, өйткені оны едгізудің басты мақсаты — пайда табу. Сондықтан бұл салық импортталатын және ұлттық тауарларға да салынады. Импортталатын және ұлттық тауарларға салынатын баж мөлшері бірдей болу керек, себебі бір жағына деген қалауы болмау керек. Дәстүрлі акциздік тауарлар: спиртті ішімдіктердің барлық түрлері, темекі өнімдері және жол отыны. Осы тауарлар өндірістері салыстырмалы түрде арзан болады, бірақ мемлекеттердің көбісінде оларға үлкен салықтар салынады. Импортталатын акциздік тауарларға ақциздік салық салынған кезде, оны кеден бажымен шатастыруға немесе кеден баж ретінде қарастыруға болмайды. ҚҚС сатуға салынатын салық болып табылады, бірақ бұл салық сатуға салынатын салықтың басқа түрлерінде бар проблемаларды жою үшін еңгізілген. ҚҚС-тың жалғыз мақсаты — кірісті көбейту, және барлық тауарлар мен қызметтерге қатысты (айрықшалықтарды аз мөлшерде ғана ескеріп) салықты пайдалану арқылы оған жету.Айрықшалықтар неғүрлым көп болса, салықта шатасулар соғұрлым көп болады. ҚҚС-тың нормадағы (әдетте "орналасу жері, принципі" ретінде қолданылады) ҚҚС импорттық тауарлардан алынады, бірақ экспорттық тауарларға салынбайды. Тауарлар қай мемлекетте тұтынылса, сол мемлекетте ғана салық салынады. "Шығу жері принципі" бойынша ҚҚС кері бағытта істейді, яғни импорттайтын тауарлардан емес, шығарылатындарынан салық алынады.ТМД елдерімен саудасында Қазақстан "орналасу жері принципін", ал алыс шетел мемлекеттермен саудаласқанда "жеткізу орны принципін" қолданады." Импорттайтын тауарлар мен көлік құралдарына ҚҚС пен акциздер кеден органдарымен ҚР кеден заңдарына сәйкес салынады. ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып, келесі сомаларды қамтитін көрсеткіш қарастырылады: ҚР заңдарына сәйкес анықталатын тауардың құны, кедендік рәсімдеу үшін алынатын алымдар, импорттық кедендік баж, импорттайтын тауарларға төленетін акциз қолданады, ал алыс шетел мемлекеттерімен саудаласқанда жеткізу орны принципі бойынша (Брайн Джонс. Кедендік баж, акциздық налогтар, ҚҚС-ң қысқаша суреттемесі 1995 ж.). Импорттайтын тауарлар мен сәйкес көлік құралдарына ҚҚС пен акциздер кеден органдары мен ҚР заңды актілеріне сәйкес салынады. ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып келесі сомаларды қамтитын көрсеткіш табылады: ҚР кеден заңдарына сәйкес анықталатын тауардың кедендік құны, кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар, импорттық кедендік баж, импорттайтын тауарға төленетін акциз. Кеден заңдарына сәйксс анықталатын кедендік құн немесе тауардың заттай мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының құнына азайтылады. Төленетін акцизбен ҚҚС тауардың мәлімдеген кедендік құнымен бірдей валютада алынады. Тауарлар бірлігі үшін еврода мөлшерлемесі бойынша акциз салынатын тауарларға қатысты, есептеу негізі болып нақты заттай мөлшері. Тауар бірлігінің евродағы салық салу мөлшерінде тауарларға байланысты акцизән есептеу ептеу мына формуламен алынады: А1=В1*А1 мұндағы: А1 — акциз мөлшері, Вt — тауар саны, А1 — тауар бірлігінің евродағы акциздік мөлшсрлемесі ҚҚС сомасы мынадай формулалармен есептелінеді 1)кеден бажымен акциз салынатын тауарлар бойынша ҚҚС- (Қ + Қа+Б+Ас)*М/100; 2) кедендік бажы салынатын, бірақ акциз салынбайтын тауарлар бойынша ҚҚС= (Қ + Қа+Б)*М/100 3) кеден бажда акцизлс салынбайтын тауарлар бойынша: ҚҚС (Қ + Қа+Б)*М/100 мұндағы Қ - кедендік құн; Қа — кедендік алым саласы; Б — кеден баж сомасы; Ас — акциз сомасы; М - қосымша құн салығы мөлшерлемесі Кедендік жеңілдік пен тарифтік жеңілдікті ажырата білу керек. Кедендік жеңілдік — кеден заңдарының ережелерінде көрсетілген кез келіген жеңілдік:кедендік бақылау жеңілдіктері, кедендік төлемдерді төлеу жеңілдіктерінің ішінде, кедендік баждан басқа, ҚҚС акциздер және басқа міндетті төлемдер, тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізугс байланысты алынатын төлемдер. Тарифтік жеңілдік дегеніміз кедендік тарифте көрсетілгендей тек қана кедендік бажды алуға байланысты салық салу жеңілдігі. Сондықтан кеден жеңілдігі түсінігі тариф жеңілдігі түсінігінен кеңірек. Кез келген кеден жсңілдігінің мақсаты салық міндеттемесінің көлемін қысқарту. Тарифтік жеңілдіктің мәнін түсіндіру, салық жеңілдіктерінің анықтамасына қарау керек: - заңды актілермен анықталатын халықтар жеңілдіктер беріледі: салықтың салық салынбайтын ең аз мөлшері; - салық объектісінің анықталған элементтерін салық салудан алып тастау; - жеке адамдар әлде төлеуші категориялар салық төлеуден босатылған; - салық мөлшерлемелерін төмендету; - салымдық жалақыдан алып тастау (есептеу мерзімдегі салықтық төлем), мақсатты салықтық жеңілдіктер, оның ұзарту немесе бөлшектеу); - басқадай салықтық жсңілдіктер. Кедендік ісі заңында қелесі кедендік жеңілдіктер қаралған. Кедендік төлемдерді салудан босату тарифтік преференциялар, кедендік төлемдер мен салықтардың артық төлемін қайыру, сондай-ақ талаптың ескеру мерзімі. Жабдық, шикізат және материалдардың (спирт, алкоголь және темекі өнімдерінен тыс импорты, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін өңдеусіз сатуға белгіленген тауар импорты). ҚР Агентствосының инвестициялар мен инвесторлар бойынша келісілген контрактысына сәйкес, кедендік баж салымынан жартылай ғана бөлшектей босатылады. ҚР кедендік тариф бойынша преференциялар ҚР халықаралық келісімі бойынша ҚР үкіметінің шешімімен ҚР кедендік тарифы бойынша преференциялар төмендетілген мөлшерлемеде беріледі, кеден бажынан босатылады, әлде тауарлардың преференциялық әкелінетін (шығару) квотасын енгізу. ҚР кедендік аумағына әкелінетін және ҚР преференциялардың ұлттық жүйесін қолданатын дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар, кеден бажының төмендетілген мөлшерлемелерімен салынады. ҚР кедендік аумағына әкелінетін және ҚР преференциялардың ұлттық жүйесін қолданатын ең аз дамыған мемлекеттерден шыкқан тауарлар кеден бажынан босатылады. ҚР преференциялардың ұлттық жүйесін қолданушы дамушы және ең аз дамыған мемлекеттердің тізімін және кедендік баждың төмендетілу мөлшерлеме көлемін ҚР үкіметі анықтайды. Дамушы әлде ең аз дамыған мемлекеттерден шығарылғап тауарға ҚР кедендік тарифы бойынша преференцимлар келесі талаптар бір мезгілде орындалғанда ғана беріледі: - тауардың дамушы немесе ең аз дамыған мемлекеттен шыққанын дәлелдейтін, тарифтік преференттік режим дамушы әлде ең дамыған мемлекеттерден шыққан тауарларға тауардың шығу сертификатының түппұсқасын кеден органына табыс ету; - ҚР мемлекетінде шыққан тауарлардың сертификаттарын уәкілдікс ендіру біліктік органдарының мөрінің бедерлемесі, мекен-жайы, атаулары берілмесе тікелей сатып алу шарттарын орындау, бұл кезде тауар сатып алынды деп қаралады, егерде ҚР резиденті оны алған тұлға кәсіпкерлік қызметінің субъектісі ретінде қойылған тәртіп бойынша тіркелген мемлекетіне тарифтік преференциалдық режим таратылса; - тікелей жеткізу тарифтарын орындау бұл кезде ҚР префренциалдық тарифтік режимі таратылатын мемлекеттен тасымалдайтын тауарлар тікелей жеткізілген болып саналады. Тауарлар тікелей жеткізу ережесіне сәйкес, бір немесе бірнеше мемлекеттердің аумағымен транспортталса, географиялық, экономикалық, транспорттық жағдайларға байланысты, тауарлар уақытша сол мемлекеттің аумағына жиналып қойылса, кедендік бақылауда болады. Тікелей жеткізу ережесіне, кедендік бақылауда жәрмеңкелерде импортердың сатып алған тауарлары, тауар көрсетілген мемлекетінің өзгоруеһ кеден бақылауында болса сәйкес келеді. ТМД елдерінде шыққан және ҚР кедендік аумағына әкелінетін тауарлар үшін ҚР мен кеден одағы немесе еркін сауда аймағын құрса, ҚР тауардың шыққан сертификатының түпнұсқасын кедендік органға тапсырғанда ҚР кедсндік тарифының мөлшерлемесі бойынша преференция беріледі, сондай-ақ басқа құжаттар (сана сертификаты, қауіпсіздік, счет-фактуралар, бұйым құжаттары, тауардың көлік жөнелтпе құжаты т.б.) ҚР мемлекеті анықтаған тәртіп бойынша жүргізіледі. Кедендік одақтың қатысушы мемлекеттерінің нақты келісімі бойынша, тауарды рәсімдеу үшін салынатын кедендік алымдардан босатылады, сол мемлекеттер деп шығарылып солардың кедендік аумағынан, ҚР кедендік аумағына әкелінсе сондай ақ, кері бағытта да солар қаралады, транзит есебімен. Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымнан босату мақсатымен тауардың шыққан тегін басқа құжаттардың негізінен белгілейді (тауардың шыққан сертификатынан тыс): сала сертификаты, қауіпсіздендіру, счет фактуралар мен бұйым құжаттары. Талап, шарт, шектеулер бұзылған кезде олардың сақталынуы кеден төлемдеріне берілетін жеңілдіктер кеден төлемдерінің сомасы және салық кеден органдарымен ҚР заңдарында қаралғандай жауапкершілік шара және өсімпұл төлендіріледі. Кеден ісі заңыньң 137 бабына сәйкес импорттайтын шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік өңдеуге жататын кеден бажын төлеу мерзімін ұзарту әлде бөлшектеу кеден төлем органымен берілгеннен басқа уақытта кеден төлемдері ҚР кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдамай тұрғанда, әлде қабылдаған күні төленеді. Кедендік рәсімдеу үшіп кедендік алымдарды төлеу үшін төлеу мерзімі не ұзартылмайды, не бөлшектелінбейді.. Жеке тұлғалар ҚР кедендік шекарадан тауар алып өткізілгенде кедендік рәсімдеу үшін төленетін кедендік баж салымдар кедендік органдар мен кедендік декларация қабылданған кезде бірге төленеді. Егер белгіленген мерзімде кедендік декларация берілмеген болса, онда кедендік іс Заңының 195 бабына сәйкес анықталғандай кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік баж бен салымдардың төлеу мерзімі, кедендік декларация беру мерзімінің аяқталған күнінен бастап саналады. Кедендік баж бен салымдарды төлеу ақшалай және де ақшасыз түрде ҚР ұлттық валюта-тенгеде, және ҚР ұлттық Банкісімен бағаланатын шет-елдік валюта, осындай төлемдер тек қана шет-елдік валюта төлене алатын жағдайлардан тыс кезде. Кедендік рәсімдеу үшін кедендік баждан тыс, төленетін кедендік баж сомалары, кедендік баждың бір түрінен әр түрлі валютамен төлеу кедендік органының рұқсаты қажет. Сол күнгі Ұлттық Банк курсымен шет елдік валютаны тенгеге айналдырып санайды: - кедендік декларация қабылдауға; - төлем жайындағы төлемдер, кедендік органдарға кедендік декларация беретін тауардың кедендік рәсімдеуіне байланысты емес төлемдер. Теңге курсы бір дана шет-елдік валютаға алынған кезде, шет-елдік ва.лютаны теңгеге айналдыру үшін келесі формуланы қолданады: Тнг—Ев кв мұндағы Тнг тенге сомасы, ЕВ - шетел валютасының сомасы, кв - ҚРҰБ валюта курсы. Теңге курсы шетелдің валютасының стандарттық бірлігі мен алынса (10,100,1000) онда теңгеге айналдырылғанда мына формуланы қолданады: Тнг=Ев/Ес кв, мүндағы Тнг — тенге сомасы, Ев - шетел валюта сомасы, Ес — шет ел валютасының стандарт бірлігі, Кв - ҚРҰБ валютасының курсы.
1.2. Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру
Кедендік салымдардың мақсаты үшін практикада қолданатын кедендік тариф құнын бағалау әдісімен тығыз байланысты. Тауарлық бағалаудың ұлттық айырмашылығы баждарды протекционизмдік кедергі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Кедендік бағалау әдісі импорттайтын тауардың құнын көтеруге әкелсе, оған адволорлық баж қолданса, онда ол тарифтік мөлшерлеменің көтерілуіндей әсер етеді. Жоғарыда көрсетілгендей тауарлық бажды есептеу негізгі болып тауарлардың кедендік құны алынады. Оның үстіне, тауардың кедендік құны пайдаланатын кез: - сыртқы экономикалық және кедендік статистика; - сауда-экономикалық қатынасты мемлекеттік реттеуінен басқа өлшем бірлігін қолданғанда, тауар құндылығына байланысты оның ішінде ҚР кеден заңдарына сәйкес сыртқы сауда мәмлелерімен олар бойынша банктердің есептеулерінің валюталық бақылауын жүзеге асыру. Кедендік ісі заңының 195 бабына сәйкес, импорттайтын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін келесі әдістер қолданады. 1) әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша; 2) ұқсас тауарлардың мәміле бағасы бойынша; 3) біртектес тауарлардың мәмілее бағасы бойынша; 4) бағасын алу; 5) бағасын қосу; 6) резервтік әдіс. Кедендік бағалауды анықтаған кезде негізгі әдіс болып әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау болады. Егер негізгі әдісті қолдана алмаса, басқа әдістердің бірі қолданады. Алдыңғы әдіспен кеден құнын анықтай алмаса, келесі әр-бір әдіс алынады. Бағасын алу, қосу әдісі декларанттың қарайы бойынша керісінше қолдануға болады. Әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолданғанда кеден құнын анықтау үшін негіз ретінде бағалауға жататын тауарлардың мәміле бағасы алынады. Мәміле бағасы - әкелінетін тауарлардың нақты төленген немесе төленетін бағасы. Кеден құнын анықтау үшін мәміле бағасы пайдаланған келесі шығындар кіреді (егер олар бұрын кірмесі): 1) ҚР кедендік аумағына тауарды әуежайға, портқа, немесе басқа жерге әкелуге шыққан шығын: • тасымалдау құны; • тауарды түсіру, тиеу, қайта тиеуге шыққан шығындар; • сақтандыру сомасы. Көрсетілген шығындар күнге кірмеуі мүмкін егерде олар ҚР кедендік аумағына тауар әкелінгеннен кейін өндірілсе және сомасы құжатпен дәлелденсе: 2) сатып алушының шығарған шығындары: • тауар сатып алудағы комиссиялық алымнан тыс, комиссиялық және делдалдық сыйақы; • контейнерлер немесе көп айналатын ыдыс құны, егерде олар сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасымен сәйкес бағаланатын тауармен бір тұтас деп қаралса; • орайтын құралдармен оған байланысты жұмыстардың құны кіргізілген, ораудың құны; 3) келесі тауарлар мен қызметтің сәйкестік бөлшек құны, импортердың тікелей немесе жанама құнсыз әлде төмендетілген бағасымен беруші өндіруге қолданатын немесе бағаланатын тауарды шығарып сату мақсатымен; • шикізат, детальдар мен жиынтық бұйымдар бағаланатын тауардың құрама бөлшегі болып келетін; • құрал-саймандар, мөртабан т.б. сондай заттар бағаланатын тауарларды өндіргенде қолданылған; • құралдар, бағаланатын тауарды өндіргенде ұсталған (жанар-жағар май т.б.); • инженерлік жұмыстар, тәжірибие-конструкторлық жұмыстар, дизайн, көркемдік рәсімдеу, эскиздармен сызулар бағаланатын тауардың өндірілуіне өте қажет ҚР аумағынан сырт орындалған; 4) бағаланатын тауарды сататын шарт ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама парасатты меншікті объектісін пайдаланғанда лицензияланған және басқа төлемдер; 5) бағаланатын тауардың пайдаланғанда немесе келесі сатқандағы табатын тікелей әлде жанама пайда бөлімінің мөлшері. Әкелінетін тауардың мәміле бағасы, кедендік құнды, анықтағанда пайдаланыла алмайды егерде: 1. бағаланатын тауарды сатып алушы пайдаланғанда үкім құқығына байланысты шектеу қойғанда мынадан басқа: - ҚР заң актілерімен қойылған шектеулер; - тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық региондарды шектеуі; - тауар құнына аса әсер етпейтін шектеу; 2. әсер етуін есептен шығару мүмкін емес сату немесе мөлшерлеме бағасы тәуелді шарттарды сақтау; 3. қүжаттан дәлелденбеген мәліметтер, кеден құнын ресми мәлімдегенде декларант пайдаланған; 4. импортер мен экспортер бір біріне тәуелді, мынадан тыс жағдайда, декларант дәлелденгендей, бір-біріне тәуекелділігі мөлшерлеме бағасына әсер етпесе. 5. Осы кезде бір біріне тәуелді деп саналады, егер:
• мәмлеге қатысушының бірі әлде мәмлеге қатысушының қызметкері бір мезетте басқа мәмілеге қатысушылар қызметкері болса; • мәмлеге қатысушылар өндірістің бірлескен мүшесі болса; • мәмлеге қатысушылар жалға қатынас байланысты болса;
• мәмлеге қатысушының бірінде дауыс беруге құқылы пакет акциясы болса, басқа қатысушылық жарғы капиталынан 5 % төмен (аз) болмауы керек. • мәмлеге қатысушылардың екеуі де, үшінші адамның тікелей немесе жанама бақылауында болса; • мәмлеге қатысушылар немесе олардың қызметкерлері жақын туыс болса. Ұқсас тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы алынады. Бұл кезде барлық жағынан, оның ішінде келесі параметрлер бойынша ұқсас тауарлар қарастырылады: > мақсаты мен мінездемесі; > сапасы, тауар белгісі және нарықтағы беделі; > шыққан елі; > өндіруші. Кедендік қүнды осы әдіспен анықтағанда Кеден ісі туралы Заңының 129 бабына сәйкес: 1) егер тауарлар бағаланатын тауарлармен бір елден шықпаса, онда сол тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейді; 2) бағаланатын тауарлардың өндірушісінен басқа тұлғамен өндірілген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген тұлға ұқсас тауарларды шығармаған жағдайда ғана ескеріледі; 3) тауарлар ұқсас деп есептелмейді, егер тауарлардың жобалауы, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстары, көркемдік рәсімдеуі, дизайні, эскиздері немесе сызбалары: ♦ Қазақстан Республикасына экспортқа өндіру мен сатуға байланысты қолдану үшін сатушымен сатып алушыға ақысыз берілсе немесе төмен бағамен сатылса; ♦ Қазақстанда дайындалып, соған байланысты олардың құны тауардың кедендік құнына еңгізілмеген болса. Кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде ұқсас тауарлардың мәміле бағасы алынады, егер ол тауарлар: 1. ҚР аумағына енгізу үшін сатылса; 2. бағаланатын тауарды алып кеткенге дейін 90 күн аралығында немесе алып кеткен соң 90 күн өткенге дейін алып келінсе; 3. шамамен тура сондай көлемі мен коммерциялық деңгейде (бөлшек немесе көтерме сауда үшін) алып келінсе. Ұқсас тауарлардың саны өзгеше болса не басқа коммерциялық тұрғыда алып келінсе, мәлімдеуші осы өзгешеліктерді ескере отырып, тауарлардың бағасына түзету енгізеді және кеден органына соны дәлелдейтін құжат тапсырады. Бұл жерде кедендік құнды жоғарыда көрсетілгсн шығындарды ескере отырып түзету керек. Осы әдісті қолданған кезде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы біреуден артық болса, онда импорттайтын тауардың кедендік құнын анықтау үшін олардың ең төменгісі алынады.
Біртектес тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде импорттайтын тауармен біркелкі тауарлардың мәмілеге сәйкес бағасы алынады. Біртектес тауарлар дегеніміз, барлық жағынан бірдей болмаса да, мінездемелері және құрамдас бөліктері бірдей болғандықтан, бағаланатын тауарлармен өзара ауыстырыла алатын немесе олардың функцияларын орындай алатын тауарлар. Тауарлардың біртектестілігін анықтағанда олардың мынадай мінездемелері ескеріледі: - сапасы, тауар белгісінің болуы және нарықтағы беделі; - шығу елі. Кұнды алу әдісі бойынша кедендік құнды анықтау үшін бағаланатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы күйінен өзгертілмей сатылуы керек. Көрсетілген әдіспен кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде тауар бірлігінің бағасы алынады. Бұл бағамен бағаланатын тауарлар көп мөлшерде мемлекет аумағында сатушыдан тәуелсіз сатып алушыға әкелу мерзіміне максималды жақын кезде (кіргізген күннен бастап 90 күннен аспай) сатылу керек. Тауар бірлігінің бағасынан ашып көрсетілуі мүмкін болатын келесі құрамдас бөлшектері алынады: 1) әдетте төленетін немесе төленуге келісілген комиссиондық сыйақылар, немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін сол түрлі (классты) тауарларды сатуға байланысты жалпы шығындарды өтеу және пайда табу мақсатында әдетте қосылатын үстемелер; 2) тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу мен сатуға байланысты төленуге тиісті импортбаждарының, салықтарының, алымдарының және т.б. төлемдерінің сомалары; 3) Қазақстан Республикасында тасымалдауға,сақтандыруға, тиеу мен түсіру жұмыстарына кететін әдеттегі шығындар. Бағаланатын біртектес немесе үқсас таурларды әкелінген сәттен өзгермеген қалпында сату жағдайлары болмаса, мәлімдеушінің талабы бойынша қайта өндірістен өткен тауарлар бірлігінің қосымша құнға түзету енгізілген бағасы қолдануы мүмкін. Құнды қосу әдісін қолдану барысында кедендік , құнды анықтау үшін негіз ретінде, келесі сомаларды қосу жолымен есептелінген тауардың бағасы алынады: □ материалдардың құны және бағаланатын тауардың өндірісіне байланысты шығарушының басқа да шығындары; □ сондай тауарды экспорттаушы-мемлекеттен Қазақстан Республикасына сатуға тән жалпы шығындар, олардың ішінде тасымалдау, тиеу мен түсіру жұмыстарының құны, ҚР аумағында кедендік рәсімдеу орнына дейін сақтандыру құны қарастырылған. □ сондай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткізу нәтижесінде экспорттаушының әдетте алатын пайдасы. Осы әдістің көмегімен кедендік құнды анықтау барысында тауардың бағасына еңгізілген шығындардың барлығы ескерілуі қажет. Егер көрсетілген әдістерді кезектесіп қолданудың нәтижесінде мәлімдеушінің кедендік құнын анықтауға мүмкіншілігі болмаса немесе кеден ұйымдары осы әдістерді қолдануға жағдай болған жоқ деп дәлелді санаса, онда бағаланатын тауарлардың кедендік құны дүниежүзілік кедендік тәжірибеге сүйеніп анықталады және онымен дәйектенеді. Бұл кезде қолданылатын кедендік құнды анықтаудың басқа әдістері Қазақстан Республикасының заңдары мен Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының кедендік бағалау қағидаларына сәйкес болу керек. Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының шеңберінде 1981 жылы күшіне енген кедендік бағалау бойынша Келісім жасалынған. Бұл Келісім бойынша импортталынатын тауарлардың құнын анықтау үшін негіз ретінде есеп-фактура алынады. Осындай әдіс Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының мүше-елдері үшін міндетті болып табылады. Резервтік әдіс бойынша тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін кеден органдары мәлімдеушіге қолдағы бар мәліметтерін береді. Көрсетілген әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде келесі көрсеткіштер алынбайды: 1) экспорттаушы елінің ішкі нарығындағы тауардың бағасы; 2) экспорттаушы мемлекеттен үшінші елдерге сатылатын тауарлар бағасы; 3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы ұлттық өндірістің тауарлар бағалары; 4) тауардың сенімді дәлелденбеген құны; 5) ҚР Кеден ісі туралы заңының 132 бабында қарастырылмаған шығындарды есептеудің негізінде анықталынатын ұқсас немесе біртекті тауарлардың бағалары; 6) ең төменгі құн. Кеден мақсаттары үшіп екі альтернативтік бағаларының жоғарғысын қолдануды ескеретін жүйесі резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтаудың барысында негіз ретінде алынбайды. 1. Теория бойынша кедендік төлемдерді алу кезіндегі тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталыну қажет. Бірақ тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар бекітілген мерзімде кеден бажының түгелдей сомасын төлей алмайтын жағдайлар жиі кездеседі Кедендік баждарды төлеудің мерзімін ұзартуды (бөлшектеуді) беру кезінде кедендік баж тқленетін күні қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі бойынша пайыз алынады. Берілген мерзімін ұзарту (бөлшектеу) үшін пайыздар Қазақстаи Рсспубликасының ұлттық валютасында есептелінеді. Бұл кезде пайызды есептеу кезектесіп екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде КЖМ қабылданған күні қолданылатын Қазақстан Реслубликасының Ұлттық Банкісінің қайта каржыландырудың мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алдын ала есептеу мына формула арқылы жүргізіледі. П = Скб1 • К • Мққ1 / 365 • 100%, мұндағы П — пайыз, Скб1 - мерзімі ұзартылып (бөлшектеу) берілетін кедендік баж сомасы, К- мерзімін ұзарту (бөлшектеу) берілген күндер саны, Мққ1 - КЖМ қабылданған күні қолданылатын қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі, 365 — жылына күндер саны. Екінші кезеңде кедендік баждар төленген күні қолданылатын қайта қлржыландырудың мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге тиісті пайыздарды есептеу мына формула арқылы жүргізіледі: П = Скб • К • Мққ / 365 • 100%, мұндағы П — пайыз, Скб1 - мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілетін кедендік баж сомасы, К - мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілген нақты күндер саны, Мққ1-кедендік баждар төленген күні қолданылатын қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі, 365 — жылына күндер саны. Кеден төлемдерін төлеудің мерзімін ұзартып(бөлшектеп) беру кезінде кеден баждарының төленуін қамтамасыз ету Кеден ісі туралы Заңының 138 бабына сәйкес келесі түрде жузеге асырылады: тауарлар мен көлік құралдары түрінде кепілдік; > өкілетті банкінің кепілдемесі. Кедендік баждар мен салықтар төлеуін қамтамасыз ету мақсатында кепілзат ретінде үшінші тұлғалардың мүліктік құқықтарынан кез келген мүлік бола алады. Кеден органдары кепіл ретінде мыналарды қабылдамайды: - электр, жылу жіне тағы басқа да энергияның түрлері; кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар, жер участкелері, ғарыш объектілері ; - азаматтық айналымынан алынып тасталынған мүлік; Кедендік құнды осы әдіспен анықтағанда Кеден ісі туралы Заңының 129 бабына сәйкес: 1) егер тауарлар бағаланатын тауарлармен бір елден шықпаса, онда сол тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейді; 2) бағаланатын тауарлардың өндірушісінен басқа тұлғамен өндірілген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген тұлға ұқсас тауарларды шығармаған жағдайда ғана ескеріледі; 3) тауарлар ұқсас деп есептелмейді, егер тауарлардың жобалауы, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстары, көркемдік рәсімдеуі, дизайні, эскиздері немесе сызбалары: ♦ Қазақстан Республикасына экспортқа өндіру мен сатуға байланысты қолдану үшін сатушымен сатып алушыға ақысыз берілсе немесе төмен бағамен сатылса; ♦ Қазақстанда дайындалып, соған байланысты олардың құны тауардың кедендік құнына еңгізілмеген болса. Кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде ұқсас тауарлардың мәміле бағасы алынады, егер ол тауарлар: 1. ҚР аумағына енгізу үшін сатылса; 2. бағаланатын тауарды алып кеткенше дейін 90 күнаралығында немесе алып кеткен соң 90 күн өткенге дейін алып келінсе; 3. шамамен тура сондай көлемі мен коммерциялық деңгейде (бөлшек немесе көтерме сауда үшін) алып келінсе. Ұқсас тауарлардың саны өзгеше болса не басқа коммерциялық тұрғыда алып келінсе, мәлімдеуші осы өзгешеліктерді ескере отырып, тауарлардың бағасына түзету енгізеді және кеден органына соны дәлелдейтін құжат тапсырады. Бұл жерде кедендік құнды жоғарыда көрсетілген шығындарды ескере отырып түзету керек. Осы әдісті қолданған кезде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы біреуден артық болса, онда импорттайтын тауардың кедендік құнын анықтау үшін олардың ең төменгісі алынады. Бір тектес тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде импорттайтын тауармен біркелкі тауарлардың мәмілеге сәйкес бағасы алынады. Біртектес тауарлар дегеніміз, барлық жағынан бірдей болмаса да, мінездемелері және құрамдас бөліктері бірдей болғандықтан, бағаланатын тауарлармен өзара ауыстырыла алатын немесе олардың функцияларын орындай алатын тауарлар. Тауарлардың біртектестілігін анықтағанда олардың мынадай мінездемелері ескеріледі: - сапасы, тауар белгісінің болуы және нарықтағы беделі; - шығу елі. Қүнды алу әдісі бойынша кедендік құнды анықтау үшін бағаланатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы күйінен өзгертілмей сатылуы керек. Көрсетілген әдіспен кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде тауар бірлігінің бағасы алынады. Бұл бағамен бағаланатын тауарлар көп мөлшерде мемлекет аумағында сатушыдан тәуелсіз сатып алушыға әкелу мерзіміне максималды жақын кезде (кіргізген күннен бастап 90 күннен аспай) сатылу керек. Тауар бірлігінің бағасынан ашып көрсетілуі мүмкін болатын келесі құрамдас бөлшектері алынады: 1) әдетте төленетін немесе төленуге келісілген комиссиондық сыйақылар, немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін сол түрлі (классты) тауарларды сатуға байланысты жалпы шығындарды өтеу және пайда табу мақсатында әдетте қосылатын үстемелер; 2) тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу мен сатуға байланысты төленуге тиісті импорт баждарының, салықтарының, алымдарының және т.б. төлемдерінің сомалары; 3) Қазақстан Республикасында тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу мен түсіру жұмыстарына кететін әдеттегі шығындар. Бағаланатын біртектес немесе ұқсас таурларды әкелінген сәттен өзгермеген қалпында сату жағдайлары болмаса, мәлімдеушінің талабы бойынша қайта өндірістен өткен тауарлар бірлігінің қосымша қүнға түзету еңгізілген бағасы қолдануы мүмкін. Егер көрсетілген әдістерді кезектесіп қолданудың нәтижесінде мәлімдеушінің кедендік құнын анықтауға мүмкіншілігі болмаса немесе кеден ұйымдары осы әдістерді қолдануға жағдай болған жоқ деп дәлелді санаса, онда бағаланатын тауарлардың кедендік құны дүниежүзілік кедендік тәжірибеге сүйеніп анықталады және онымен дәйектенеді. Бұл кезде қолданылатын кедендік құнды анықтаудың басқа әдістері Қазақстан Республикасының заңдары мен Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының кедендік бағалау қағидаларына сөйкес болу керек. Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының шеңберінде 1981 жылы күшіне енген кедендік бағалау бойынша Келісім жасалынған. Бұл Келісім бойынша импортталынатын тауарлардың құнын анықтау үшін негіз ретінде есеп-фактура алынады. Осындай әдіс Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының мүше-елдері үшін міндетті болып табылады. Резервтік әдіс бойынша тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін кеден органдары мөлімдеушіге қолдағы бар мәліметтерін береді. Көрсетілген әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде келесі көрсеткіштер алынбайды: 1) экспорттаушы елінің ішкі нарығындағы тауардың бағасы; 2) экспорттаушы мемлекеттен үшінші елдерге сатылатын тауарлар бағасы; 3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы ұлттық өндірістің тауарлар бағалары; 4) тауардың сенімді дәлелденбеген құны; 5) ҚР Кеден ісі туралы заңының 132 бабында қарастырылмаған шығындарды есептеудің негізінде анықталынатын ұқсас немесе біртекті тауарлардың бағалары; 6) ең төменгі құн. Кеден мақсаттары үшін екі альтернативтік бағаларының жоғарғысын қолдануды ескеретін жүйе резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтау барысындағы негіз ретінде алынбайды. Теория бойынша кедендік төлемдерді алу кезіндегі тәртібі мен мерзімдері қатал сақталыну қажет. Бірақ тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар бекітілген мерзімде кеден бажының түгелдей сомасын төлей алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осыған байланысты айрықшаланған жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданатын кедендік заңдары сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларына импортталынатын шикізат пен материалдары үшін кедендік баджарын төленуінің мерзімін ұзарту мен бөлшектеуді көздейді. Мұндай шешімді қабылдау — кеден органдарының міндеті емес, құқығы. Шикізат пен материалдардың кедендік рәсімдеуін жүргізетін Қазақстан Республикасының кеден органына кедендік жүк мәлімхатының (КЖМ) алдында мәлімдеушімен берілетін жазбаша түріндегі өтініш негізінде ұсынылады. Бұл кезде өтініште кеден бажын, оны төлеудің мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілу үшін пайызын төлеуін қамтамасыз ету (кепілдік) туралы мәліметтер ескерілу керек. Мерзімін ұзартып(бөлшектеуді) беру немесе оларды беруден бас тарту туралы шешімдер төлеушінің өтінішін алғаннан кейін үш күн аралығында қабылданады. Кеден төлемдерінің мерзімдерін ұзарту (бөлшектеу) Кеден ісі туралы заңының 137 бабына сәйкес КЖМ-ын рәсімдеуге қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге кеден органдарымен беріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қаржы Минисртлігінің Кеден Комитетінің рұқсатымен келесі шикізат пен материалдар бойынша мерзімін ұзартып (бөлшектеу) беріледі: - акциздік топқа жататындар; - төленуге тиісті кедендік баж сомасы 10 000 АҚШ долларына тең теңгемен есептелінген сомасынан аспайтын тауарлар. Кепілдікке берілген тауарлар мен көлік құралдары кепілдік берушіде қалады, егер де Қазақстан Республикасының кеден органы басқа шешім қабылдамаса. Бірақ бұл кезде Қазақстан Республикасының кеден органының келісімінсіз кепілдік берушінің кепіл затымен қолдануға құқығы жоқ. Өкілетті банктің кепілдемесін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қаржы Минисртлігінің Кеден Комитетімен бекітіледі. Кепілдеме бойынша әр өтеу кезіндегі төлемдер мен пайыздарының мөлшері алдын ала анықталынады. Осындай әр өтеуден кейін кедендік төлемдер салынатын сома азайып отырады. Кеден төлемдері төлеудің мерзімін ұзартуды немесе бөлшектеуді алған төлеуші мерзімді ұзарту не бөлшектеу барілген соңғы күнінен қалмай қарыздарын өтеп, тиісті пайыздарын төлеу керек. Кедендік заң тағайындаған мерзімде төлеуші кедендік бажды төлемесе кедсн ісі туралы заңның 144 бабына сәйкес кедендік органдар өтеушінің есеп-шотынан сөзсіз ҚР Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өсімпұл қосылған қарызы алынады. Өсімпұлды есептеу 2 кезеңге бөлінеді. 1 кезеңде қарыз сомасы өтеленетін күні қолданылатын қайта қаржыландыруыдың ресми мөлшерлемесі бойынша қарыздың бір күні үшін салынатын өсімпұл есептеледі. Егер кедендік төлемдер түрлеріне бөленбей төлем авансының сомасы кіргізілсе, онда кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ететін сома бюджетке аударылады. ҚР бюджетінің кіріс пен шығын классификация коды "Кедендік бақылау мен кедендік процедурадан түскендер" кодына сәйкес түседі.
КЕДЕН БАЖДАРЫНЫҢ СТАВКАЛАРЫТөлемнің аталуы Корсетілген қызмет үшін кедендік қүнның пайызы мен евро мөлшеріндегі ставкалар Занды және жеке тұлғалармен кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды рөсімдеу үшін кедендік алымдар 0,2% Рөсімдеуге арналган жерлерден тыс жерде және кеден органдарының жүмыс уақытынан тыс кезде тауарлар мен көлік қүралдарды рөсімдеу ушін кедендік алымдар 0,4% Көрмелерде, жәрменкелерде, конкурстарда, съездерде, симпозиумдарда, семинарларда, халыкдралық кездесулерде жөне т.б. үқсас іс-шараларында (шекарадан өткізілген тауарларды сату мақсатымен жүргізілетін өндірістік немесе коммерциялық қызметгі жүзеге асыру орында көрмелерден басқаларында) көрсетілу үшін шекарадан өтизілетін тауарларды рөсімдеу үшін кедендік алымдар 5 евро тауар партиясы үшін Кеден органдарымен қүрылатын уақытша сақгау қоймаларында таурларды сақ^ау үшін кедендік алымдар 0,4% төулігіне 1 кг брутго үшін Тауар ретінде өткізілетін квлік қүралдарын сақгау үшін 3 евро төулігіне бір данасы үшін Кеден органдарымен қүрылатын кеден қоймаларьшда таурларды сақгау үшін кедендік алымдар. Олардың ішінде: бейімделген үй-жайларда (ерекше қүралжабдықгардың қолдануымен, ерекше температуралық режиммен қамтамасыз етумен) тауар ретінде өткізілетін көлік қүралдарын сақтау үшін 0,02 евро төулігіне 1 кг брутго үшін 0,03 евро төулігіне 1 кг бругто үшін 3 евро тәулігіне бір данасы үшін Тауарды кедендік жөнелту үшін кедендік алым 0 км-ге қашықтыққа ейін 5 есеп көрсеткіші 500—2000км.қашықтыққд 40 сеп көрсеткіші 0-200 км. қашықтыққа 10 есеп өрсеткіші 00-400 км. кдшықгыққа 15 сеп көрсеткіші
00-600 км. кдшықгыққа 20 сеп көрсеткіші 00-800км кашықгыққа 25 сеп көрсеткіші 00-1000км қашықгықкд 30 сеп көрсеткіші 000 —1500км.қашықгыққа 35 сеп көрсеткіші ОООкм. көп қашықтыққа 45 сеп көрсеткіші Келесі көлемді кеден қоймасын қүруға лицензияны беру үшін алымдар: 1000 м2 -ге дейін 9 000 евро 1000 м2 - 2000 м2 14 000 евро 2000 м2 -ден асгам 19 000 евро Бажсыз сауда дүкенін қүруға лицензияны беру үшін алымдар* 20 000 евро. Келесі көлемді еркін қойманы қүруға лицензияны беру үшін алымдар: 1000 м2 -ге дейін 19 000 евро 1000 м2 - ден астам 28 000 евро Уақытша сақгау қоймасын қүруға лицензияны беру үшін алымдар 8 000 евро Кедендік делдал болып қызметгі жүзеге асыруға лицензияны беру үшін 5 000 евро алымдар* Кедендік тасымалдаушы больш қызметгі жүзеге асыруға лицензияны 5 000 евро беру үшін алымдар* Кедендік рөсімдеу бойынша маманның білікгілік күөлігін беру үшін 200 евро алымдар* Алдын ала шешім кабылдау үшін төлем 50 евро Кедендік аукциондарга қатысу үшін төлем 500 евро Хабар жеткізу жөне кеңес беру үшін төлем 5 евро Алымдар мөлшерлемелері тиісті құқықты үш жылға беру есебімен анықталған.2 Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КҮЙІ МЕН ТҮРЛЕРІ 2.1 2002-2004 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының сыртқты экономикалық байланыстарын ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі Бүгінгі Қазақстан қажетті әріптестерін таңдауға максималды түрде нақтылықты көрсетуге талаптанады. Шикізаттық мемлекетке емес, ең алдымен экономикалық және саяси жағынан тиімді әірптес, серіктес болатын мемлекетке приоритет беріледі. Бұның себебі, бір жағынан біздің мемлекетіміздің Еуропа мен Азияның әрекеттесу жерінде орналасуы, және екінші жағынан аймақтың экономикалық ерекшеліктері. Сондықтан Қазақстан ортаазиялық мемлекеттердің арасында едәуір саяси тұрақтылықпен, кадрлар мен материалдық ресурстарының молдылығын қолдана отырып, Батыс пен Шығыс нарықтық экономикаларының ең жақсы жақтарын өз үшін таңдау арқылы экономикалық дамуының жаңа тиімді әдісін шығаруға, ашық экономиканы құруға талпынады. ҚР әлемдік шаруашылықтың толық құқықты субъектісі болуға ұмтылады; 111 елдермен дипломатиялық қатынастары бар, БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, Азиялық даму банкі сияқты 55 халықаралық ұйымдарының мүшесі болып табылады, және 1150-ден астам үкіметаралық келісімдер жасасқан. ҚР ең бай жер қорларына, пайдалы қазбаларына толы. Қазіргі кезде 493 кен орындары, олар қамтитын 1225 түрлі минералды шикізат белгілі. Қазақстанда жылына мұнайдың 25 млн. тоннасы өндіріледі, ол ТМД-де өндіріліп бүкіл Орта Азияны қамтамасыздандыратын мұнайдың 4-тен 1 бөлігі болып отыр. Осының барлығы мен тағы басқалары Қазақстанға өзіндік сыртқы экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл саясатты жүргізу Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының анықтаушы болып табылады, себебі болашағы бар ҚР — бүкіл еуразиялық аумақта халықаралық экономикалық қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін азиялық және әлемдік балансының негізгі қүрамдас бөлігі. XX ғасырдың аяғына таман сауда мен экономика үлкен өзгерістерге ұшарады. Қоғамдық өндірістің жаңа қорсақтаушы және ғылымды көп қажет ететін түр пайда болды. Әдеттегі сыртқы сауда халықаралық ұйымдастырылған өндіріске, ғылымды қажет ететін тауарлар мен қызметтерге сұраныстың көбеюін талап ететін саудаға айналады. Осы кезде шикізат пен отынның маңызы төмендейді. Бәсекелік қабілеттілігінің негізгі факторы болып тауардың технологиялық жаңа енгізулері табылады. Сыртқы сауданың талдануы біздің экспортымыздың үлкен салмағы отын-шикізат жағында көбірек болады. Қазақстанның соңғы жылдарындағы экспорты $ 1,3 — 1,5 млрд. құрайтын болған. Экспорттағы дайын машина-техникалық өнімдерінің үлесі әлемдік орта деңгейден үш есе төмен. Көбінесе мемлекеттің ішінде жасалынуға мүмкіншілік бар тауарлар кіргізіледі. 2001-2002 жылдары дәнді дақылдар экспортының тұрақты өсуі байқалса да, кеден статистика мәліметтері бойынша 2001-2003 жылдарының ішінде 30%-ке дейін төмендеді, қара металлдарының экспорты 21%-ке, мыстың - 16%-ке, мырыштың - 10%-ке, мақтаның - 2%-ке, аңдар терісінің экспорты 2 есе төмендеді. Соңғы үш жыл аралығында қара металлдардың экспорты Оңтүстік Азия, Шығыс Азия елдеріне 52%-ке төмендеген. Бірақ сол кезде оның Еуропалық Одақ елдеріне деген экспорты 1,8 есе өсті. 2003 жылы Қазақстан резиденттерінің сыртқы экономикалық қызметтеріне сыртқы факторлар үлкен әсер тигізеді. Әлемдік экономикада болған дағдарыс жағдайлары 2001 жылдың басынан бастап мемлкеттіміздің төлем балансының күйіне кері әсер тигізеді, оның үстінен екінші жартыжылдықта Ресейдің қаржы нарықтарында болған дағдарыс Қазақстан экономикасын одан ары әлсіретті. 2002 жылы Қазақстан Республикасы үшін сауда жағдайлары елеулі нашарлады.Негізгі экспортталатын тауарлардың әлемдік бағаларын көрсететін орташа өлшенген индексі 1999 жылымен салыстырғанда 21%-ке төмендеді. Мұнайға деген төмен деңгейдегі сыртқы сұраныс, үлкен ресурстар және артылып қалған ұсыныс 2002жылы мұнай бағаларының соңғы он екі жыл ішінде ең төменгі көрсеткіштеріне жету - 32%-ке төмендеулеріне себеп болды. Осы жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 12%-ке төмендеді. Абсолютті түрдегі сыртқы сауда айналымының азаюы соншалықты маңызды (1,7 млрд. АҚШ долларына) болғаны, 12,3 млрд. доллар құрайтын бектілген көлемі 1999 жылының деңгейінен де (12,9 млрд. доллар) төмен болды. 2002 жылдың басында басталған экспорттың төмендеу бағыты (2000 жылдың бірінші жартыжылдығында 4%-ке төмендеді) екінші жартыжылдықта шамамен 30%-ке дейін төмендеді. Осы кезде ТМД елдеріне де, басқа мемлекеттерге де Қазақстан Республикасының экспорты (жалпы экспорттың 25%-ке және 8%-ке) төмендеді. Осы екі сегментінде де экспорттың максималды төмендеуі төртінші тоқсанда байқалды. ТМД елдеріне экспорттың төмендеуінің күрт қарқыны үшінші тоқсанда басталып, 43%-ке, төртіншіде - 44%-ке дейін төмендеген болатын. ТМД елдерінен басқа елдерге экспорттың төмендеуі IV тоқсанда 20%-ке дейін жетті. Қорыта айтқанда 2002жылы экспорт 5,8 млрд. доллар құрады (1 Кестесінде) көрсетілген. Импорттық түсімдерде де ұқсас жағдайлар болды: ТМД елдерінен импорт 12%-ке төмендеді, ал басқа мемлекеттерден 22%-ке төмендеп, жалпы мпорт мөлшері $ 6,6 млрд. құрды.
ҚР-ның негізгі әріптестері бойынша сауда айналымы
Экспорт (млн.$) Импорт (млн.$)
2001ж 2002ж 2003ж 2004ж Барлығы: 6.497,0 5.339,0 4.301,0 4.242,0 ТМД елдері 2.982 2100 2332 2002 Оның ішінде РФ 2288 1543 1969,0 1671 Еуропа елдері 2174 2258 1202 1313 Азия елдері 1135 715 489 531 Басқа мемлекеттер 206 266 278 396 * Вестник Народного Банка РК, 2001г. 29 марта-11 апреля Әлемдік нарықтағы мұнай бағаларының 32%-ке төмендеуі мұнай экспортының құрылымы мен мөлшерін айтарлықтай өзгерткен жоқ. 1998ж. қаржылық дағдарыстан кейін кері бағытталу жойылып, 1999 жылы әлем экономикасында сұраныс өсе бастады. 1999ж. сәуір айында еркін-өзгермелі теңге ауыстыру курсына көшу және одан кейінгі теңгенің маңызды номиналдық девальвациясы Қазақстан өндірушілері үшін нақты баға теңдестігінің қайта орнатуына жағдай туғызды және соған байланысты ұлттық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатты. Тауар (әсіресе, мұнай) бағаларының өсуінің себебінен болған экспорт көлемдерін қалпына келтіру импорт көлемінің күрт төмендеуімен бірге ҚР-ның төлем балансының тапшылығын азайтты (1998ж. тапшылық $ 1,225 млрд. болса, 2003ж - $ 171 млн. болды). Сыртқы сауданың барлық бағыттағы сауда айналымы 1999 жылы $11,6 млрд. болды (2003ж. салыстырғанда 7%-ке азайды). ТМД елдерімен сауда айналымы 2003 жыл бойы жүргізілген ресми сауда көлемінің қысқару себебінен төмендеді. Сондықтан ресми экспорттағы ТМД елдерінің үлесі 40%-тен 26%-ке дейін төмендеді, ал импорт бойынша үлесі 47%-тен 40%- ке дейін түсті. Алыс шетел мемлекеттермен сауда айналымы 2003ж. 4,5% өсті, мүндағы экспорт 26%- ке өсіп, ал импорт 18%- ке төмендеді. Осы кезде тауар ағымдарының бағыттарын ауыстырумен байланысты өзгерістер болды. Бірақ олар тауар ауналымына аса маңызды әсерін тигізген жоқ. Еуропалық одақтың елдерімен сауда операцияларының көлемі 19% төмендеді (экспорт - 24%, импорт - 11%- ке төмендеді). Оффшорлық аймақтарға мүнайды экспорттаудың көлемі өсті. Қазақстанның бүл мемлекеттерге экспортындағы үлесі бір жыл ішінде 2%- тен 22%- ке дейін өсті. Мысалы, Бермуд пен Виргин аралдарына ғана Қазақстанның мұнай экспортының 67% үлесін құрайтын (алыс шетел мемлекеттерге) мұнай 1157 млн. долларға сатылды. Әлемдік экономиканың оң бағыттарының дамуы (жиынтық сыртқы сұраныстың өсуі, тұрақты макроэкономикалық жағдай кезінде шикізат тауарларға деген бағалардың жоғарғы деңнейінің сақталынуы) Қазақстанның 2001 жылындағы сыртқы саясатының маңызды күшеюіне әкелді. Қазақстан экспортының негізгі тауарларына деген жалпы сыртқы сұранысының өсуіне ТМД бойынша Қазақстанның сауда серіктес-мемлекеттердегі өнеркәсіптік өндірістің белсенділігі әсер етті. Қазақстан резиденттерінің сыртқы сауда операциялар көлемі 2001 жылда өткен жылымен салыстырғанда 45% өсті. ТМД елдерімен саудаласқанда импорттың орындалуы 142,7%, экспорт бойынша — 97,8% болды. Бейресми сауда операциялар бойынша баланс "дәстүрлі" түрде теріс болды - 1,3 млрд. доллардан аз болды. Осы қарастырылатын аумақ нарықтарында Қазақстандық өндірістің тауарларына сұраныс өсті. ТМД-дан тыс мемлекеттерден импорттық ресми көлемінің төмендеуі, көршілес елдерімізден (әсіресе Ресейден) импорттың өсуімен толтырылды. ТМД-дан тыс мемлекеттерге экспорттың өсуінің себебі — шикізат тауарларына (әсіресе мүнайға) әлемдік бағалардың өсуі. Мұны дәлелдейтін көрсеткіш -экспорттағы минералдық заттардың үлесінің өсуі - 42%-ттен - 54%- ке дейін. Ал импорттағы минералдық заттардың үлесі 10,8%-тен 13,4%- ке, машиналар мен құралдардың үлесі 2%-тік, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің үлесі — 11,2%- тен 26,7%- ке өсім байқалды. Жалпы ТМД елдерінің экспорт пен импорттағы үлесі сәйкес 24%- тен 27%- ке, 41%- тен 56%- ке дейін өсті.* 2.2 Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері мен қазіргі кездегі күйін талдау (Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасының үлгісінде) Дамыған мемлекеттерде түсетін кедендік кірістер бюджет кірісінің 30-40%- тін қүрса, дамушы елдерде бүл көрсеткіш 80% қүрайды. Мысалы, біздің республикамызда бюджетке түскен Республика бойынша кеден басқармаларымен алынған 2004-2005 жылдарында сомалар келесідей болды: 2004ж — 33.313,661 млн.тг., 38.187,619 млн.тг. — 2003 жылында болды. Соның ішінде Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасы төлеттіріп алған сомалар: 2004ж — 17.858,657 млн.тг., 2005ж. - 15.374,671 млн.тг. Сонымен Алматы қаласы бойынша БКБ-ң жоспарды 1998ж алдыңғы жылымен салыстырғанда төлемдерді өндіріп алу +8645302 мың теңге ауытқумен жүзеге асырылды.
2. Кесте Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасымен өндіріп алынған кеден төлемдерінің сомалары (мың.тг.)
2003ж 2004ж 2005ж Кедендік процедуралар Импорттық баждар* Қорғайтын баждар Акциз Қосымша құн салығы 472.036 3.852,887 0 1.340.963 12.192,771 736.087,904 3.779.715,273 0 390.928,902 10.467.939,4 553.922,1 6.819.830,7 29.101,9 255.120,6 11.397.425,3 Барлығы 17.858,657 15.374.671,48 19.055.400,6
Кеден төлемдерінен босатылу жағдайларына байланысты бюджеттің шығындары 22.898,065 мын теңге болды, оның ішіндегі импорттық баждар сомасы — 6.109,106 мың теңге. Сонымен бірге алыс шетел мемлекеттерден алып келінетін тауарлардың кедендік құнының 2,7 есе (62%-ке) азаюын айта кету керек, ал жақын шет елдерден әкелінетін тауарлардың кедендік құны 3,1 есе (68%-ке) азайды. Тауарларды әкелуінің төмендеуімен байланысты Алматы қаласы бойынша БҚБ-ң Кедендік кірістер басқармасы бюджетті толтыру көздерін іздестіру үшін бірнеше сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларына тексеру ұйымдастырды. Оның нәтижесінде қосымша 38 млн. теңге өндіріп алынды. Одан басқа, кедендік рәсімдеу барысында заң актілерінің қолдануын тексеру жүргізілді. 2004ж. кедендік процедураларды есептеу бойынша болжамдалған көрсеткіштер орындалған жоқ. Акциздерді есептеу жоспарының 57% ғана орындалды.
3 Тарау. Қазақстан Республикасында кедендік төлемдерді алудың механизімін жетілдіру 3.1. Жеңілдіктер мен преференциялар беруді реттеу механизімін жетілдіру Кейбір сарапшылар кеден органдары кеден төлемдерін Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына тезірек кіру үшін лайықты мөлшерде бекітеді деп санайды. Ал менің ойымша кеден саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы дамыту, ал БСҮ-на кіру — мақсатқа жету үшін қолданылатын құрал. БСҰ шарттарында қарастырылған мемлекеттердің жеңілдіктер мен преференциялар жүйелерінің дамыған деңгейге жету мәселесі ҚР-да орындалады деп айтуға болады. Кеден ісі туралы Заңының 22 тарауында бекітілген негізгі кеден жеңілдіктерінің түрлері: 1) Кеден бажының бүрын төлегенін қайтару; 2) Кеден бажын төлеуден босату; 3) Кеден бажының мөлшерлемесін төмендету; 4) Тауардың преференциалдық өкелуіне (шығаруына) тарифтік квота тағайындау. Кеден бажының бұрын төлегенін қайтару. Бұрынғы төлеген салықты (салықтың бөлшегін) қайтару салық жеңілдіктерінің бір түріне жатады және қаржы құқығында салық несиесі деп аталады. Салық несиесі — ол салық мөлшерлемесін әлде салық сомасын азайтуға бағытталған жеңілдіктер. Салық несиесі — шартты түсінік. Несиенің өктем белгілері — мерзімділігі, қайтарымдылығы және төлемділігі — салық несиенің кейбір түрлерінде ғана орындалады. Мысалы, қаржы салымының салық несиесі. Салық несиенің көп түрлері қайтарылмайды және тегін болады. Экспортты ынталандыру мақсатымен бұрыңғы төленген салықты қайтаруды жиі қолданады. Экспортты дамыту бағдарламасында көрсетілгендей, экспортты демеу — маңызды бағдарлама, өсіресе жоғары өңдеуден өтетін тауарлар салықтық реттеу шараларымен тығыз байланыста болады. Салық жүйесін жетілдіру жөне ұлттық тауар өндірушілерді қолдау үшін бағдарламада қосымша құн салығын қайыру жүйесін жаңарту керек делінген. Төленген кеден бажын қайтару бөлек кеден режимінде көрсетілген. Мысалы өкелуге төленген кеден бажын қайтару реэкспорт режимінде қаралады. Кеден ісі туралы Заңда анықталынған шартты ұстанғанда реэкспортталған тауарды шығарғанда, әкелген кезде төленген баждар қайтаруға жатады: - Реэкспорттайтын тауарлар әкелген сәттегі күйінде қалса, тек тасымалдау, сақтау кезінде табиғи ескіруден; - Тауарды реэкспорттау әкелгеннен кейн екі жыл ішінде өтеді. Кеден төлемі салығынан босату кеден баж салығынан босатылатындар: 1. Халықаралық жүкті, жалаушыларды, материалдық-техникалық жабдықтау құралдарын, отынды, азық-түлікті және аралық тоқтау орындарында, жол жүруде қажетті, немесе көлік құрамдарының авариясын жоюға байланысты, шетелде сатып алынған басқа мүлікті тасымалдауға арналған көлік құралдары; 2. Материалды-жабдықтау бұйымдары және тағы басқа Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген нормалар шегінде теңіз кәсіпшілігін жүргізетін Қазақстандық немесе Қазақстан кәсіпорындарымен, ұйымдармен жолға алынған кемелердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы кедендік аумағынан шығарылатын мүлік, және Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін сондай кемелер кәсіпшілігінің өнімі; 3. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық валюта, қүндчы қағаздар; 4. Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс немесе ізгілік көмек ретінде осы аумақтан шығарылатын тауарлар; 5. Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінетін акциздіктен тыс тауарлар, немесе осы аумақтан шығарылатын мемлекет саласынан, үкімет, халықаралық ұйымдардан қайырымдылық мақсатымен өтеусіз көмек ретінде осы аумақтан шығарылған тауарлар; 6. Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялар туралы заңына сәйкес кеден бажы салығынан босатылатын тауарлар; 7. Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі өз мұқтажына әкелген тауарлар; 8. Кеден төлем салығынан босатылуды қарастыратын Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өткізілетін кеден режимінен шектеулі тауарлар; 9. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бажсыз өткізу норма шегінде жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар; 10.Республикалық және жергілікті бюджет қаржы есебінен, сонымен бірге мемлекеттік сыртқы қарызына сатып алынған технологиялық құрал-жабдықтар; 11.Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін әкелінген шет мемлекеттерінің лотериялары; 12.Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы Үкімет немесе Құзырлық орган жасасқан шарт, мұнай операциясын өткізуді отандық әлде шетел жер қойнауын пайдаланушы, қарастырылған шарт бойынша (сатуға болмайтын) жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтажына Қазақстан Республикасы кедендік аумағына әкелінген тауарлар; 13.Қазақстан Республикасы келісім шартын бекітуі халықаралық келісімге сәйкес дипломатиялық және әкімшілдік-техникалық персоналдың олармен бірге тұратын семья мүшелері жеке қолданатын шетел дипломатиялық және соларға теңделген уәкілеттілердің ресми пайдалануына әкелінетін тауарлар халықаралық келісімге сәйкес босатылады. Тарифтік преференциялар. Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда саясаттық қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік тарифтің мөлшерлемелері бойынша преференцияларды қолдану тәртібі бекітіледі. Преференциялар келесі түрде беріледі: - баж салынудан босату; - баж мөлшерлемелерін төмендету; - келесі тауарларға сәйкес преференциалдық әкелуге (әкетуге) квоталарды қолдану; • Қазақстан Республикасымен Кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шыққан тауарлар. • Қазақстан Республикасының Үкіметімен бес жылда бір реттен сирек емес қарастырылатын үлттық перференциялар жүйесін қолданатын дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар. • Шекараға жақын саудада айналысқа түсетін тауарлар.Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметімен ғана беріледі. 3.2. Кедендік төлемдерді төлеу жағынан кеден органдар қызметінің тиімділігін жоғарлату жолдары Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге мәлім. Шикізатты қазып шығаруға мамандану ең тәуелді қызметтердің бірі. Бұндай экспортқа арқа сүйеген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс азаюда, бүл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі болады. Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға арқа сүйеуге мүмкіндігі жоқ, өнеркәсіпте өзгерістер жүргізе алмайды, ауыл шаруашылығын дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның деңгейін көтеруге база жоқ. Қазақстан машина жасау, құрал-жабдық жасау басқа да өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардан дамымағандығы жағдайы одан әрі шиеленістереді. Аймақтықтық сауда-экономикалық одақтарды құрудың негізінде шекаралас мемлекеттердің жүйеге келтірілген, үйлестірілген және бірлескен, яғни тиімділігі, өсетін экономикалық саясатты жүргізу мүмкіншілігін алуға талпынуы (Исингарин 7-5) Әлем мемлекетттердің көбісінің экономикалық интеграцияға талпынуы — объективті және заңды процесс. Экономикалардың интеграциясы өзінің әр қатысушысына қосымша, жүйелі деп аталатын эффект алуға мүмкіншілік береді. Мұндай мүмкіншілік басқа, тек өзара саудамен ғана шектелген мемлекеттерде бола алмайды. Жоғарыда айтылып кеткендей, әкелінетін тауарлардың кейбір түрлеріне қатысты преференциалдық режим қолданылады. 2000 жылы 14 қарашада ҚР Үкіметінің "Әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарының ставкалары туралы" Қаулысымен ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдер мен ең аз дамыған елдер тізімі бекітілген. Дамушы елдер тізбдесі 104 елді, ал ең аз дамыған елдер тіздбесі 47 елді қамтиді. Осы Қаулыда ҚР-ның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын дамушы елдерден шыққан тауарларға қатысты бекітілген кеден баждарынан 75 пайыз мөлшерінде кеден баждарының ставкалары қолданылатыны туралы көрсетілген. ҚР-ның аумағына әкелінетін және ҚР-ның преференциялар схемасын қолданатын ең аз дамыған елдерден шыққан тауарларға қатысты кеден баждарының ставкалары қолданылмайды. Осының бөрін болдырмау үшін үлттық экономиканың құралдарын дамыту керек. Олардың бірі болып кедендік қызмет табылады. Қазақстан Республикасының кеден қызметі қазір қиын жағдайларда болып отыр. Оларды белгілі қаржы қаражатпен қамсыздандырылған арнайы щараларды енгізудің көмегімен қана өзгертуге болады. Кеден қызметін жүзеге асырудың іс-тәжірибесі бойынша, стратегиялық мақсаттарды нақты белгілеусіз, айқындалған приоритет қисынын келтірусіз салмақты табыстарға жету мүмкін емес. Қазіргі кезде кеден қызметін Қазақстанның сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің нақты әрекет ететш құрамына жаңғырту үшін күштер салынуда. Бұл үшін жаңа басқару жүйесімен жетілдірілген кеден қызметін ұйымдастыру және қолданылатын дәстүрлі кеден процедураларын бақылау мен жетілдіру саласындағы жаңа стратегияларды әзірлеу қажет. Осы күш салудың негізгі мақсаты —фискалдық саясатты жүргізу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы кеден органдарының алдында түрған міңдеттерді орындаудың едәуір тиімді, оңтайлы жолдарын іздестіру. Сыртқы экономикалық байлайыстардың дамуына тиімді көмектесудің қажеттілігі Қазақстан кеденінің алдына кеден ісін дамытуға деген жаңа көзқарасты әзірлеу мәселесін қойды. 2002-2004 жылдарына Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру Концепциясымен мамандалған дәлелдеу мен дер кезінде орындалатын шешімді қабылдауды қажет ететін кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттарда міндеттер кешені анықталған. Бұл бағыттар бес тең маңызды приоритеттерге бөлінген. Приоритет 1. Бірыңғай автоматтандырылға ақпарат жүйесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру. Приоритет 2. Халықаралық кеден ынтымақтастығын дамыту. Приоритет 3. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу механизмін жетілдіру. Приоритет 4. Кадрлар саясатын жетілдіру. Приоритет 5. Кеден органдарының фискалды-экономикалық қызметін жетілдіру. Қойылған мақсатқа жету үшін кеден қызметіне мыналар қажет: 1.Кедендік төлемдер алуды басқарудың сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз ету. Кедендік процедураларды ықшамдау, ақпарат көздері мен технологияларды кең көлемде қоддану арқылы арнайы кедендік және сыртқы сауда статистикасын жүргізу. 2.Халықаралық стандарттарға сәйкес кеден зандарының үйлестіру мен жүйелендіруін қамтамасыз ету, Кеден одағының, ТМД мүше елдерінің құрылуы мен дамуын көмек көрсету, халықаралық саудада болып жатқан дүние жүзілік процестерге шоғырлану. 3.Кеден жүмысындағы экономика жағын күшейту, Қызметті реттеу процесіндегі кеден жүйесінің ролін жоғарлату, валюталық бақылауды күшейту. Кедендік жүйенің дамуымен байланысты міндеттер: 1.Кеден саясатының қағидаларын орындау және қызметті экономикалық-әкімшілдік механизмін қолданудың нақты өдістерін айқындау алу; 2.Кеден ісінің құқықтық жүйесін сапалы жақсарту; З.Республикамыздың әртүрлі салаларға шетел инвестициялардың ағымы үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты кедендік режимдердің барлығын тиімді енгізу бойынша шараларды даярлау. 4.Кеден жүйесіндегі институционалдық өзгерістерді енгізіп, оның жұмыс істеуінің ұйымдық негіздерін жетілдіру; 5.Кеден органдарының материалдық-техникалық негізін дамыту. Осындай жоспарды даярлағанда, менің ойымша, ең тиімді қаржыландыру көздеру ұсынылған. Бұл жерде Қазақстан экономикасының даму болашақтары, бюджеттің жағдайы еске алынған, қаржыландарудың негізгі қайнар көзі болып әлеуметтік даму мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудін бюджеттік емес қоры алынған. Бұл қор кеден төлемдерінің негізінде құрылады. Концепция бойынша, кеден қызметінен түскен қаржылардың 100%-імен берілуі ұсынылады. Мұндай қаржыландырудың бюджеттік қорлардың алдында бірнеше артықшылықтары бар: 1.бюджеттің шығыс бөлігіне деген қысым азаяды; 2.кеден қызметінің өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік ұлғаяды, өйткені оның қаржылық қамтамасыздандыруы өз жұмысының тиімділігіне тәуелді болады, ал бұл жағдай бюджеттің кіріс жағының толтырылуын көтеруге мүмкіндік береді. СЭҚ байланыстарды экономикалық басқару үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық жағдайына сәйкес бөлу керек. Осы шарттар орындалғанда ғана СЭ Байланыстарды мемлекеттік реттеу жәңе оның экономикалық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешіліп отырады.
Қорытынды ҚР ұлттық өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттің мүддесін барынша қорғауға бағытталған кедендік саясат керек. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет кеден саясаты құралдарын қолданудың тиімді механизмін қалыптастыруы қажет. Кеден саясатының мақсатты қолданылған жағдайда ғана тиімді болады. Кедендік төлемдерді алудың мөселелерін талдау ретінде мынандай қорытынды жасалды: Қазақстан үшін кеден саясатын жақсарту, оның құралдарын жетілдіру, бұл ең алдымен заңды жөне нормативті актілерді қалыптастыруды жалғастыру болып табылады. ҚР кеден саясатының құралдарын жетілдірудің бірнеше жолдары бар: баждардың көп түрлілігі, олардыәрбір салада дұрыс қолдану, халықаралық ережелерімен сөйкесінше сыртқы саудадағы тарифтік жөне бейтарифтік реттеуді жетілдіру,. мөлшерлемелерді өзгертуде асығыс жасамау, өз еліміздің өндірушілерінің жағдайларын ескере отырып, жеңілдік жағдайлар жасау керек. 1. Кеден саясатының құралдарын қолданған кезде, ең алдымен, Қазақстандық тұтынушылардың төмен сатып алу қабілеттілігіне назар аудару керек. Орташа жандық ақша табысының шығыс көздері, негізінен азы-түліктік тауарлардан құралады. Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлардың импорты көп жағдайда ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Осыған орай кедендік саясат ішкі нарықтағы сұранысқа негізделе отырып қалыптасуы керек. 2. Кеден саясатының негізгі міндеттерінің бірі - импортты алмастыруша өндірісті дамыту жөне ынталандыру. Қазақстан импорттап отырған өнімдердің көбісін өзі өндіріп шығара алады жөне оған барлық мүмкіндіктері бар әлемдік төжірибеде қалыптасқан салаларда қорғаудың негізгі кеден саясатының құралы — кедендік тарифтің кедендік бажы. Баждардың көп болуы - сауданы реттейтін мүмкіндік. 3. Қазақстан жер байлығы мол мемлекет. Мұнда шикізат мөл жері көп. Сондықтан шикізатты экспортқа шығару көп жағдайда іске асуына кедергілер болуы керек. Ол үшін экспорттық квота қолданылады. Сыртқы саудада тарифтік жөне бейтарифтік реттеулерді жетілдіру қажеттілігі - Қазақстан тауарларының бәсекелестік қабілетін және тауарлар нарығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді жөне нақты шешім қабылдап барып, өзгеріс енгізу керек. Кедендік баждар ішкі нарық жағдайымен негізделуі керек. Кедендік төлемдер салу және алу механизміне жетілдіруге маңызды көңіл бөлу керек. Бірінші кезекте өндірушілері мен тұтынушыларды қорғап, сонымен бірге импорттаушыларға өздері бастаған қызметін дұрыс жүргізуіне мүмкіндік беруде тарифтерін дұрыс есептеп, қолдану үлкен өсер етеді.
4.Кедендік саясаттың дамуының болашағы ҚР кедендік қызметінің қалыптасуының алғашқы кезеңі оның дамуы және жұмыс жасау жағдайларын жүзеге асыруда толық қызмет атқармайды. Ғылыми негізделген саясат кедендік қызметтің жұмысына үлкен әсер етеді. Кеден саясатының құралдарын жетілдіру үшін, олардың тиімділігін анықтау керек, әрбір құралды дұрыс пайдалана білу қажет. Отандық өндірушілерді көптеген салықтардан босатып оларға жеңілдік жағдайлар жасау, өз өнеркөсібімен бірге экономикамызды жақсарту жолында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Ал егерде халықаралық ұйымдарға мүше болу халықаралық ережелерге сөйкесінше сыртқы сауданы реттеуді талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы заңы, 16 шілде 1999 ж. 2. Таможенное дело в РК. Алматы, 2000 г. Алибеков С.Т. 3. Шалтыков А.И. История таможенного дело, Алматы, 1999г. 4. Сарсембаев М.А. Таможенное право. Учебник. Алматы, 2002г 5. Петров Ю. Практика таможенного регулирования. М, 2001г. 6. Нуреева З.Л. Таможенное регулирование импорта//ВЭД в Казахстане №76 2004г. 7. Данильцев А.В. Междунаодная торговля: инструменты регулирования м, 2004г. 8. Шишаев А.И. Регулирование международной торговли товарами М, 2001г 9. Кден ісін ұйымдастыру және оны басқару. Мадиярова Д.М., Текенов Ұ.А., Қалдыбаева А.Е. Алматы, 2000ж. 10. Нургалиева Д.М. Совершенствование таможенного оформления товаров и транспортных средств. //ВЭД в Казахстане №7, 2005г. 11. Козырин А.Н. Таможенные пошлины. М, 2002г. 12. Мадиярова Д.М., Текенов У.А. Транспортное обеспечение ВЭД 13. Грачев Ю.Н. Регулирование внешноторговых операций 14. Инструкция о взимании таможенных платежей от 11.09.2001 г. 15. Бармамбаев Б. Отсрочка по уплате таможенных пошлин //ВЭД в Казахстане №5 2004г. 16. Ставка таможенных платежей //ВЭД в Казахстане №3-4 2005г. 17. Платежей и налоги //ВЭД в Казахстане №11-12, 2003г. 18. Кожалиев Е.Н. Проблемы регулирования НДС //Аль Пари 2003г. №1 19. ВЭД в Казахстане №6, 2005г. 20. ВЭД в Казахстане №8, 2005г. 21. Толстой Ю.К.Таможенный контроль.-М.,2001г. 22. Фаминский И.П., Орешкин В.А. Основы таможенного дела.-М., 2000г. 23. Токаев К. Внешная политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы, 1998г. 24. Сарсмбаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы: Данекер, 2000г. 25. Некрасов В.А., Джандарбеков И.А. Основы таможенного дела в Республике Казахстан. Астана, 2002г. 26. Жатканбаев Е.Б., Сухова Л.Ф. Таможенно-тарифное регулирование в Республике Казахстан. Алматы, 2003г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024