Қазақстан қор биржасының кешкі сессиясы кезінде доллар бағамы 307,87 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 307 теңгені құрады. Максималды курс - 309 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 307 теңге болды.
Кешкі сессияда сауда көлемі 12 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны - 20.
Еске салайық, өткен аптада Ұлттық банк басшысы ауысқан соң, доллар екінші рет антирекорд орнатып, жұма күні кешкі сессияда шетел валютасы 310, 85 теңге болған еді. Ал дүйсенбі күні таңғы сессияда доллар бағамы 312,65 теңгені құрады.