2016 жылдың қаңтар – мамыр айларындағы инфляция көлемі 4,2 пайызды құрады. Азық-түлік өнімдерінің бағасы бес айдың ішінде 4,3%-ға, ақылы қызметтер – 4 пайызға қымбаттаған.
Ұлттық экономика министрінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдан бері жемістер – 9 пайызға, кондитерлік өнімдер – 7,8 пайызға қымбаттаған. Ал ұн өнімдері мен құс етінің бағасы – 4,6 пайызға, киім мен аяқ киім құны 3,8 пайызға өскен. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек құны – 12,4 пайызға, денсаулық сақтау қызметтері 6,4 пайызға қымбаттаған. Күнделікті пайдаланылатын ыстық судың құны – 8 пайызға, коммуналды қызметтер – 20,3 пайызға артқан. Өткен жылмен салыстырғанда бағасы өскен қызметтердің ішінде демалыс, көңіл көтеру, мәдениет саласы да бар. Оның құны 2,6 пайызға қымбаттаған. Ал алыс аймақтарға пойызбен барудың бағасы - 11,5 пайызға, қала ішінде автобуспен жүру 6,2 пайызға өскен.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024