2016 жылдың қаңтар – мамыр айларындағы инфляция көлемі 4,2 пайызды құрады. Азық-түлік өнімдерінің бағасы бес айдың ішінде 4,3%-ға, ақылы қызметтер – 4 пайызға қымбаттаған.
Ұлттық экономика министрінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдан бері жемістер – 9 пайызға, кондитерлік өнімдер – 7,8 пайызға қымбаттаған. Ал ұн өнімдері мен құс етінің бағасы – 4,6 пайызға, киім мен аяқ киім құны 3,8 пайызға өскен.
Сонымен қатар, дәрі-дәрмек құны – 12,4 пайызға, денсаулық сақтау қызметтері 6,4 пайызға қымбаттаған. Күнделікті пайдаланылатын ыстық судың құны – 8 пайызға, коммуналды қызметтер – 20,3 пайызға артқан.
Өткен жылмен салыстырғанда бағасы өскен қызметтердің ішінде демалыс, көңіл көтеру, мәдениет саласы да бар. Оның құны 2,6 пайызға қымбаттаған. Ал алыс аймақтарға пойызбен барудың бағасы - 11,5 пайызға, қала ішінде автобуспен жүру 6,2 пайызға өскен.