Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі (курстық жұмыс)

Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі (курстық жұмыс)

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің  көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны  - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып,  оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.

«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы түсініктемеге сәйкес «менеджмент» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы.

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады

Курстық жұмыстың мақсаты – менеджер  жүйесінің мәнін ашып көрсету, және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы

Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни  менеджмент жүйесінің түсінігі кіргізіледі. «Менеджмент» АҚ-ның зерттелетін объектісі ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде  ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.

Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.

Бұл бөлімде «Менеджмент қызметі » міндеттерін қою қарастырылған, онда осы міндеттің сипаттамасы берілген, кіріс және шығыс ақпараты берілген.. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1Қолдану саласына талдау

1.1.1 Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі.

Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді.

Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
  • Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары беріледі.
  • Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
  • Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
  • Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық, байланысқа бейімділік ,сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды.

Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді.

Екі стильді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғни принциптік айырмашылығы, міне, осындай. Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:

  1. техника мен технологияның деңгейі;
  2. жұмысшы күшінің сапасы мен еңбек уәждемелерін кеңінен пайдалануы
  3. өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент)

Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж) басқарудың үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.

Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түрінде бөлді. Бұл анықтамадан бөлек басқалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық және т.б. ретінде қарастырады.

Менедмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Тангымал америкалық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджер» кітабында адамдармен қарым-қатынаас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустриялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б.. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіреді.

Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары – математикатерден антропологтарға дейін айналысады.

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.

Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айырықшылап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде  пайда болатын мәселердің сипатымен анықталады.

Фирма жұмысының ішкі және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұнына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал.

Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі басқару міндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарын сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.

Ұйымдастыру менеджменті:

  1. тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы.
  2. менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптерінмен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.

Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1847-1925жж). Ол ұйымдық менеджменттің негізін салушы деп саналады. Нақ осы Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі.

Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.

Тәжірибе менеджменті – менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдамасының негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объективті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптері де жоқ емес.Тәжірибе сипатында болатын менеджер бар. Ол басқарудың іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және принципті қамтиды. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.

Бұл менеджент әр түрлі қызмет салаларында-өндірістік, әлеуметтік,  экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасы жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын, тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бірақ басқару саласында емес.

Өндірістік менеджмент – менеджменет типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады. Өндіріс – бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды.

Өндірістік  менеджменттің ерекшеліктері  басқару жүйксінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкер белгілі бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.

Стратегиялық менеджмент – менеджменттің әртүрлілігі. Оның басты ерекшелігі – болжағыштық (дальновидность), мақсаткерлік (целеустремленность), келешектігі (перспективность), стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік, басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болды. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурстарын ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл менедменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:

  • Комьпютерлік фирманы сипаттауға арналған мәртебе, оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуметі.
  • Комьпютерлік фирманың басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады.
  • Басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді.
  • Басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
  • Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады. Және басқалар.

Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы) болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.

Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеяларды тез қабылдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.

Басқарушы-менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметтерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.

Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз процедураларымен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық  байланыстарды белгілеп, дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәмлілерді бекітуге, дау-дамайларды шешуге, билік өкілдермен қарым –қатынасты жақсатруға жұмсайды.

Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі артып келеді. Бұл әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.

Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр. Лидерлік функция  екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан және эмоциональды-тұлғыдан тұрады.

Тәрбиеші менеджер. өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Ең алдымен қызметкерлердің технологиялық эрудициясын көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік қатарын жетілдіру қажет. Техника мен технологияның күрделе түскен процесі мамандары тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді. Қызметкерлердің тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелікті экономикалық прогрестердің шешуші шарты болып табылады.

Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық айтылып тұр. Ғтозған құралдырды ұдайы тәртіпке келтіріп, жананы енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техникамен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлдеқайда тиімді.

Адами қасиеттер мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. әрбір менеджердің өз мінезі бар-өз-өзін ұстау тәртіптерінің жиынтығы. Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасының табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда «адами тәсілідемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек ету үшін мыналарды ұмытпайда:жұмыскерлер оған емес, ол-жұмыскерлері үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқсаусыз жұмыс істеуі үшін ол екі жаққа да пайдалы пайдалы болуы керек.

Өз  кіспорыны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы згерістерге бәсең жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.

Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджердің мақсаты – аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі болуы керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен жұмыс істеу алуы керек; екіншісі – тұжырымдылығы, яғни тұжырымдамалық ептілігі; үшіншісі – адами-ең басты ептілігі.

Танымал менеджер Ли Якокк менеджердің рөліне қатысты маңызды қорытынды шығарған: «Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады:адамдар, өнім, пайда. Адамдар алдыңғы кезекке шығады».

Әлбетте, менеджер – ол команданың өзінше жаттықтырушысы, оның міндеті – команданы жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.

1.1.2 Менеджменттегі  жоспарлау

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.

Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолдануы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі – жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады.

Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізгі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүрленбеген құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект шешуші рөл атқаратын.

Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап көрсеткен И.Кант: «Жоспар құру және даңғой іс, сол арқылы өзің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің жөндей  алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды білместен, бірдеңе ұсынасың...» деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының барлық  салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуетті мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параметрлерді зорлап міндеттейтін барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өйткені бұл олардың органикалық бірлігі, мұнда өзгеріс мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нқты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады.

Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным басқару жүйесінің өзіне өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе нарықтық жағдайларға бейімделу мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық өзгеруінен тұрады. «Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күшті тездететін және тиісмділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес, экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады. Еркіндікті дәл сол дамытады, пысықтықты көтермелейді, тәуелділікті тудырады». Осындай күшті тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады. Ол меншік түрінде, басқару объектісінің орналасу кеңістігіне қарамастан қолданылады.

Жоспарлау – кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылыр, тұтынушылар, бәсекелістер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлау тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінің бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізгі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу  өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.

Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналады. Егер индикативті жоспралаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл – жаңылысу. Ол ойластырылған бар болуы сияқты, макро, мезо және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.

Индикативті жоспарлау мынадай қиыстыру рәсімдерінің жиынтығы ретінде шығады.

Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшілікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды, макробағдарламаларды

1.2 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты

Менеджмент ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылауда  және басқаруда оны ақпаратпен жабдықтауға арналған мәліметтерді  өндеу жүйесін білдіреді. Егер жоғарғы менджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі буындағы менеджерлер көбінесе, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару қызметінің түрлерін үш дәрежеге  бөлуге болады: стратегиялық, басқарушылық бақылау және жедел бақылау. Мұндағы стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның мақсатына. Сол мақсаттардыңөзгеруіне, әрі оларға жету үшін қорларды қолдану мен осы қорларды алуға, қолдануға, орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі қабылдау барысын болжау. Ал басқарудағы бақылау-бұл басқарушылардың ұйымды мақсатына жеткізуі үшін қорлардың алуы мен олардың тиімді қолдануын қамтамасыз ететін кезең. Жедел бақылау – бұл нақты мәселені шешуді тиімді және дәрежелі орындауды қамтамасыз ететін кезең. Менеджерлердің қызметіндегі бұл дәрежелер шамамен жоғарғы, ортаңғы және төменгі буындардағы менеджерлерге сәйкес келеді.

Менедженттегі ақпарат жүйесі, әрқайсысы нақты бір бөлімдегі басқарушыларды ақпаратпен жабдықтау үшін қызмет көрсететін ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Басқарушы бақылауға арналдған ақпарат жоғарғы және ортаңғы буындағы басқарушылға қажет. әрине, ол ішкі деректер сияқты сыртқы деректерден де келіп түседі. Жедел бақылауға арналған күнделікті қызметке байланысты ақпарат, тек деректерден келіп түседі.

Ақпарат технологиясының көмегімен менеджерлер өз жұмыстарын кеңірек көлемде, тиімдірек, тезірек және нәтижелі орындауы мүмкін. Ондағы ақпарат жүйесі байланыс жабдықтарымен және текстік, графикалық, ауызша материалдар мен мәліметтерді бейнелеу үшін ақпараттың анықтылығын жабдықтау үшін ЭЕМ жүйелерімен ілесіп отыруы тиіс.

Объектіні басқарудың әр түрлі деңгейінде, желістермен  жұмыс істеуге арналған байланыстар каналмен біріккен мамандардың, технологтардың, бухгалтерлердің және т.б. автоматтандырылған жұмыс орындары құрастырылады.ақпарат жүйені бұлай ұйымдастыру, кез келген деңгейдегі басқару мамандарын интегриренген мәліметтер қоймасын мәлемет алу мүмкіндігі мен басқарудағы тиімді шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет

АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.

АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.

Ақпаратты жүйе тұрғызу мақсаты,ол фирма менеджерінің жұмысын автоматтардыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.  Бұл  талаптар мыналар:

  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
  • Лингвистикалық  жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.

1.3.1 Ақпараттық жүйелер ресурстарына  қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Техникалық конфигурация талаптары.

1 кесте

Компьютерлік фирма атауы Физикалық модуль Сипаттамалары
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 Процессор Зерделік сақтаушы құрылғы МҚДЖ Монитор Перне  тақтасы Тышқан Іntel, 2.4MHz   512Mb 80Gb 19 дюймдік 105 батырмалы 2 баспалы
Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпарттық жабдықтау – бұл менеджер ақпараттық жүйесінде қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттық  ауқымның үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы. Ақпараттық жабдықтауды жобалау- бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Математикалық  жабдықтауға қойылатын талаптар.

Математикалық жабдықтау – бұл ең озық есептеу техникасының көмегімен менеджер есеп ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдерінің жиынтығы.

Лингвистикалық  жабдықтауға қойылатын талаптар.

Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланылатын тілдік құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Программалық  жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешендерінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын жүзеге асыратын программалр жиынтығы.  Программалық жабдықтау математикалық жабдықтау негізінде жасалады және оның нақты «іскер» формасы болып табылады.  Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнайы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпаратты өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын программалық жабдықтау бөлімі. Оған мына негізгі компоненттер кіреді: Операциялық жүйе, программалық өнім.

Операциялық жүйе есептеу үрдісін тиімді ұйымдастыруды және сонымен бірге есептеу жүйелеріне қорларды тиімді жүктеуді орындайды. Операциялық жүйеге программал мен операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін программал жатады.

Арнайы программалық жабдықтауға әртүрлі атқарымдылық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар кіреді. 2 кесте

Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
ОЖ Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0 Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0 MS Offіce XP Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphі 7 Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
МББЖ Paradox 7 Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.

Программалық жабдықтау дегеніміз – экономикалық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.

Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:

  • қолданбалы пакеттер және программалар, бұл пайдаланушының жұмысын қажетті түрде орындауды қамтамасыз етеді (мәтіндерді өзгерту, суреттер салу, ақпараттық массивтерді өңдеу және т.б.) – қолданбалы программалық жабдықтау.
  • жүйелік программалар, бұл әр түрлі қосалқы функцияларды орындайды (операциялық жүйелер, драйверлер, бағдарламалы қабықтар, операциялық қабықтар және көмекші бағдарламалар (утилиты) және өзімен бірге жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынады.
  • аспаптық жүйелер, яғни жүйелік бағдарлама, компьютерге жаңа бағдарлама құру үшін қамтамасыз етілген.

Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе бағдарламашыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программалар кең профильде болуы мүмкін, мысалы, салықтық есептеулерді немесе құжаттарды құрастыруға арналған, бірақ та мамандандырылған да болуы мүмкін, мысалы, электоркардиограммаларды талдау, электрлік бұйымдарды проектілеу кезінде және т.б. қолданылуы мүмкін.

Қолданбалы программалық жабдықтау арқылы есепті шешу процесі кезінде программалы ЭЕМ нәтижелілігін жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) бағдарлама библиотекасы сияқты іске асырылуы мүмкін, стандартты ішкі бағдарламалар арқылы бағдарламалық тілдердің кеңейтілуі мүмкін. Басқа жағынан ҚПП интерактивті ортаны қалпына келтіруін іске асыратын пакет болуы мүмкін (диалогтік тәртіп).

Delphі объективті – бағытталған бағдарламалауға негізделген. Бұл бағдарламалық  технология  Delphі-дің барлық іс-әрекеттік мұмкіндіктерін  пайдалануға  негізделген. Приложение  құру кезінде қасиеттерін пайдалана отырып дайын компоненттер негізінде, әдістер және алдынала анықталған жәйттерді өңдеу негізінде кішігірім көлемді бағдарламалық код арқылы-ақ (обойтись) болады. Құрушыға бұл тұтынушылық интерфейс құру үшін көп уақытты үнемдеуге болады.

Delphі-де дерекқор пайдаланылатын, есеп- беру жолдарын жеңілдететін бизнес –придложение құру өте қолайлы әдіспен жүргізіледі.

Delphі-мен  жұмыс істегенде BDE (Borland Database Engіne )-ні пайдаланып  дерек қордың    Date  Base-, Paradox -, Fox Pro-, Assess- ASCІ І

-кестелеріне бірден қол жеткізе аламыз.

MS Offіce ( Word, Excel, Outlook) – және  MS Assess басқа да приложениемен  толық  ұйлесімді. Vіsual Basіc for Applіcatіon (VBA) біріктірілген немесе енгізілген  тілі бірқалыпсыз есептерді шешуге мүмкіндік  береді. Бір-біріне байланысқан  кестелердің бейнесін осы шешімдерді қолайландыру деп есептесе болады.

Күрделі және үлкен жобалар құру үшін сәйкес конструктор және обьективті-бағытталған тілді қолдану қажет.

Paradox – оны  бейнелейтін және редакциялайтын ақпараттар сақтау үшін пайдаланатын бөлек компоненттер ден тұрады. Paradox –да барлық деректер дерек қорда сақталады. Бұл дерек қорға кестелер, индекстер, триггерлер, кестелер арасындағы қатынастар және сақталушы процедуралар жатады. Әрбір құрылған кестеде өзіне байланысты бірнеше индекс болуы мүмкін. Ол индекстер жылдам іздестіруде қажет.

Дерек қорға бірден қол жеткізудің ыңғайлы және пайдалы құралы деректерді ұсынулар болып табылды. Ол кестедегі берілгендерді анықтауға және ыңғайлы түрде бейнелеп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай ақпаратты бірден көріп және басқаруды оңайлатады. Деректерді көрсетуде және редакциялауда  қалыптар, есеп берулер, сұраныстар және бағдарламалар (форма) қолданылады.

Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар. Эргономикалық жабдықтау – бұл, жұмыстын әртүрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы.

Менеджердің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • Жұмыс орындарына, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптардың іске асыру мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын іске асыру;
  • Жұмыскерлерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені;

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ұйымдастырушылық құқықтық жабдықтау – бұл, фирма менджерінің ұйымдастырылуын, оның мақспты мен мәселелерін,  құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.

Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.

АҚ негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.

Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:

  • ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
  • ақпараттың құрамы қандай;
  • ақпаратты іздеу уақытының азаюы;

Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, құрамы «корпоративті клиенттерге қызмет көрсету» АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
  • мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;
  • басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;
  • ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.

Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі.

Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.

Машинадан тыс ақпараттық база

Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық  жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.

Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.

Машина ішіндегі ақпараттық база

Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.

Машина ішіндегі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті және қызметтік болады. Тұрақты ақпараттық массивтерді (нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтері) нормативті құжаттардан және анықтамалардан алады, мәліметтерді өңдеуді бастағанға дейін қалыптасады және ақпараттық жүйелердің есептерін шешуде пайдаланылады. Нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтеріне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпарат жатады.

Мәліметтер базасы (МБ) тікелей қол жеткізудің (магниттік дискілер) есте сақтаушы құрылғыларында сақталатын өзара байланысқан ақпараттық массивтердің аталған құрылымданған жиынтығын білдіреді және АЖ-нің басқару функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

МБ құрудың мақсаты мәліметтерді өңдеудің уақытын қысқарту, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкессіздігін жою, МБ-да мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және тағы басқалар болып табылады.

Машина ішіндегі ақпараттық база, берілген есептің мәліметтер базасы қатты және жұмсақ магниттік дискілерде орналасқан, ақпараттың (файлдардың) массивтерінен тұрады.

1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.

Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге  біртіндеп  жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте  декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған  белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеге–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық  қамтамасыз ету, бағдарламалық  қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)

Негізгі бөлім

2.1 Кіріс құжаттар

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визиалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

3-кесте

Құжат Түсу мерзімділігі Ақпараттың қайнар көзі
Иденти-фикаторы Аты Ұсыну түрі
DOG Келісім шарт құжаты құжат Алдын – ала белгіленген уақыт бойынша Басқарама
SA Сатып алу Шарты құжат Әрбір операцияға Фирма менеджер

“Келісім-шарт” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

4-кесте

Құжат атауы Идентификатор
Келісім шарт DOG
Реквизит атауы Есептер кешенінде белгіленуі Реквизит ұзындығы
Құжат нөмірі Kugat nomerі 15
мерзімі merzіm 9

“Сатып – алу” кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

5-кесте

Құжат атауы Идентификатор
Сатып алу BT
Реквизит атауы Есептер кешенінде белгіленуі Реквизит ұзындығы
Құжат нөмірі Kugat nomerі 15
мерзімі merzіm 10
2.2 Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.                                                                                                                 6-кесте

Құжат Жіберу мерзімділігі Ақпараттың қайнар көзі
Иденти-фикаторі Аты Ұсыну түрі
Firma ME
Фирма менеджеріне қойылатын ескертулер
құжат   Басқармалардан  түскен мерзімінен кейін   Басқарма
KME Фирма басшысына есеп беру құжат Алдын-ала белгіленген уақыт бойынша Басқарма
«Фирма менеджеріне қойылатын ескертулер» шығыс құжаттарының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы және тізімі.

7-кесте

Құжат атауы Идентификатор
Фирма менеджеріне қойылатын ескертулер
Firma ME
Реквизит атауы Есептер кешенінде белгіленуі Реквизит ұзындығы
Фирма аты firma 10
Құжат номері Kugat nomerі 10
мерзімі merzіm 10

«Фирма басшысына  есеп берулер»  шығыс құжаттарының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы және тізімі.

8-кесте

Құжат атауы Идентификатор
Фирма басшысына  есеп берулер
KME
Реквизит атауы Есептер кешенінде белгіленуі Реквизит ұзындығы
Есеп беру мерзімі EBM 15
Менеджер түрі Menejer turi 20
Жоспарлық мәліметтер GM 15
Нақты мәлімет NM 10

Қорытынды

Фирма менеджері осы курстық жұмыста айтылған талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деген ойдамын. Егер де біз тек осы саламен ғана  шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз анық сияқты.

Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін. Нарықтық экономикада уақытты өте бағалайды егер де фирма менеджерлерлерінің жұмысы  автоматтандырылған  болса уақыт тиімділігі болар еді.   Тұрғызылған ақпараттық жүйе фирма менеджерінің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады, арттырады. Бұл ақпараттық жүйе  мәліметтерді өңдеуге, топтастыруға мүмкіндік береді, менеджер базасынан кез келген  кәсіпорындар туралы ақпараттарға оңай және тез арада  қол жеткізуіне жағдай жасайды.

Есептер комплексін коммерциялық жалға беру рекомендациялары берілген және оның әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті, пайдаланушыға арналған түсініктіліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі көрсетілген. Ақпараттық жүйені енгізуге және құруға кеткен шығындардың барлығы есептелген.

Есеп комплексін өңдеу нәтижесінде пайдаланушыға қажетті құжаттарды ешқандай қиыншылықсыз алу мүмкіншілігі берілген.

Бұл жүйе жоғарыда  айтылған  кемшіліктерді жояды және бағдарламалық, ақпараттық, техннологиялық  және басқа да қамту түрлерін қанағаттандырады.

Ақпараттық жүйені бағдарламалық қамту - қосымшасын интеруалдану ортасының негізінде орындау сонымен қатар курстық жұмыста бағдарламалық қамтудың құрлымы және ақпараттық базасы қарастырылған.

Барлық ақпарат мәліметтер базасында сақталады, бұл жағдай ақпаратты іздеуді жеңілдетеді және алдағы көрсеткіштерді  көруге, салыстыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеге байланысты жұмысты тез игеруге  жағдай жасайтын инструкция пайдаланушы үшін келтірілген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «Менеджмент», К.Бердалиев,Алматы: Экономика, 2005.
  2. «Кәсіпорын экономикасы», А.Қ Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов, Алматы, 2003ж.
  3. «Бухгалтерлік ақпараттық жүйе», Е.Т.Төлегенов, Алматы, 2001.
  4. «Экономикадағы ақпараттық жүйелері» Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “. Оқу құралы. Алматы, 2001
  5. «Ақпараттық жүйелер теориясы», Қ.С. Байшоланова, Алматы: Экономика -2002ж.
  6. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1995
  7. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.
  1. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
  2. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.

Похожие материалы