Жапонияда таралған компьютерлік вирус қолданушылардың шотынан 24 миллион доллар ұрлады.
Құқық қорғаушы органдардың мәліметінше, елдегі 82 мың дербес компьютер вирус жұқтырған. Ғаламтор арқылы банктік операциялар жасау барысында логинді терген уақытта бағдарлама автоматты түрде қолданушының қаражатын басқа шотқа аударуға нұсқау береді.
Полиция 44 мың компьютердегі вируспен күресуге Жапониядағы жүздеген провайдерлерге өтініш білдірген. Ал, қалған 38 мың компьютерге вирус шетелден келуі мүмкін. Бүгінгі таңда полиция Интерполмен бірлесе отырып, күрес шараларын жүргізуде.
"Ғаламтор арқылы банктік операцияларды орындаған соң, ақшаның басқа есеп шотқа түсуіне қатысты өткен жылдың өзінде 1 876 жағдай тіркелген. Келтірілген залал сомасы 2,90 миллиард иена (24 миллион долларға жуық). Бұл тарихтағы рекордтық сома", - делінген полицияның ақпаратында.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024