Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Корея Республикасы Қазақстан Қазақстанмен визасыз режим туралы келісімді ұзартудан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Корея Қазақстан азаматтарына қатысты тексерістерді заңсыз мигранттарға бола қатайтады.
Соңғы уақытта Қазақстан азаматтарына миграциялық рәсімдеу нәтижесінде Корея Республикасына кіруге тыйым салған жағдайлардың жиіленіп кеткені ескерілді. Оның себебі - 2014 жылы қарашада күшіне енген екі ел арасындағы визалық режимді алып тастау туралы келісім. Бұл келісім Кореяға еңбек әрекеттілігінен басқа мақсатта келетін азаматтар үшін ғана жарамды.
"Десе де, көптеген Қазақстан азаматтары визасыз режиммен Кореяға жұмысқа тұру мақсатымен келеді, осының есебінен Кореядағы заңсыз қазақстандық мигранттар саны өсіп кетті", - деп атап өтті Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик.
Осыған байланысты Корея Республикасының иммиграциялық органдары Қазақстан азаматтарын елге кірерде қатаң тексеруден өткізуді шешті.
Кең тараған ақпараттар бойынша, Кореядағы қазақстандық заңсыз мигранттар саны - 4168 адам (2017 жылдың наурызындағы жағдай бойынша). Ал келісім жасасқанға дейін бұл көрсеткіш - 359 адам ғана болған.
2014 жылы заңсыз мигранттардың жылдық көрсеткіші - 77 адам болса, Келісімнен кейін жылына 3520 адамға көбейіп отырған (45 есе артып кеткен).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024