Пхеньян. 3 шілде. 7kun.kz - Бүгін Солтүстік Корея халық армиясының стратегиялық әскері күнін атап өтіп, зымырандарын шеруге шығарды. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлайды.
Бұл жаңалық елдің бірнеше басылымдарында жарық көрді. Атап айтсақ, орталық партия газеті "Нодон симун", Кореяның Еңбек партиясының ОК баспасөз органы арнайы мақала жариялады. Онда Пхеньянда өткен шерудегі зымырандардың суреттері де көрсетілген. Сондай-ақ елдің әскери басшылығы зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынындығын ескерткен.
Осы уақытқа дейін ұшырылған жаңа "Хвасон-12" жоғары орта қашықтықтағы және "Пуккыксон-2" орта радиустағы баллистикалық және "жер-кеме" класындағы қанатты ұшақтарының сынақтан сәтті өткендігі туралы да жазылған.
"Ұшырылатын жүз зымыранның жүзі де сәтті болады, себебі арнайы мобиль қондырғылардың арқасында, бұл зымырандарды анықтау қиын болады", - деп жазады орталық парития газеті.
Естеріңізде болса, өткен жылы газет АҚШ әскери базаларына соққы жасау туралы жазған болатын. Бұл жолы ондай тікелей қатер төндіру жайлы хабар айтылмаған.
Солтүстік Корея мемлекеті АҚШ тарапынан әскери қауіп болады деген сылтаумен ядролық және зымыран қаруларын жасаумен айналысып жатыр. Бұған қатысты БҰҰ ӨҚ санкция жасаған да болатын. Пхеньян әскерінің белсенділігі салдарынан, әлемге ядролық қару режимі тарап кетуі мүмкін деген қауіппен, халықаралық қоғамдастық ҚХДР-ның ядролық және зымыран қаруларын жасауды тоқтатуға бел буып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024