Кредиторлық берешек, несиелік берешек – заңды немесе жеке тұлға уақытша тартқан, несиеге алған мерзімді уақыты біткен соң тиісті заңды тұлғаларға немесе азаматтарға қайтарылуға тиіс ақшалай қаражат. Кредиторлық берешек шоттар мен міндеттемелерді төлеудің қолданыстағы шегінде қалыпты деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес, ірі мөлшердегі несиелік берешекті (азаматтың 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы, ал ұйымның 2500 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы берешегі) өтеуден ұйым жетекшісінің немесе азаматтың тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін әдейі жалтаруы экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады және осы кодекстің 195-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024