Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,25 теңгені құрады.
KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,84 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 141 млн 700 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 240.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 382 теңге, Алматыда – 381,9 теңге.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 380,06 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ұлттық Банктің 29 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,51 теңгені құрайды.