Экономика
Күндізгі сессия: 1 доллар 345,53 теңге
2015 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 345,53 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты жазды.
KASE ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күнгі күндізгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 340 теңге, максималды курс –349,50 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 347 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 600 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 90.
21 желтоқсан күнгі доллардың ресми курсы 341,94 теңге болды. Осылайша, 22 желтоқсан күнгі 1 доллардың курсы 349,12 теңгені құрайды.
Фото:liter.kz