Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар бағамы 333,70 теңгеге төмендеді

Күндізгі сессияда доллар бағамы 333,70 теңгеге төмендеді

2016 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 333,70 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 333,52 теңгені құрады. Максималды курс — 334 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,96 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 61 млн 150 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 193.

13 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 333,76 теңге болды. Осылайша 14 сәуірдегі ресми бағам —333,76 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллардың 13 сәуірдегі максималды курсы 334 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.

Похожие материалы