2016 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 375,14 теңге болды. Бұл туралы биржа сайты хабарлады.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 369,95 теңгені құрады. Максималды курс — 379,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 377,50 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 87 млн 250 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 152. Алматы қаласындағы (15:47) ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 378 теңгеден сатылуда. 19 қаңтардағы доллардың ресми бағамы 374,31 теңге болды. Осылайша, 20 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы 377,10 теңге болады. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото: vlast.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024