Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессиядан кейінгі доллар курсы 332 теңгені құрады

Күндізгі сессиядан кейінгі доллар курсы 332 теңгені құрады

2016 жылдың 4 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 332,52 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 332,10 теңгені құрады. Максималды курс — 333 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 32 млн 600 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 94. 3 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 332,51 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында доллардың 4 мамырдағы максималды курсы 333,5 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.

Похожие материалы