Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Әлемдік смартфон сатылымы 2017 жылдың І тоқсанында өткен жылға қарағанда 9,1 пайызға өсті. Жыл басынан бері 380 млн дана смартфон сатылған. Бұл туралы Gartner зерттеу компаниясы хабарлады.
Компанияның хабарлауынша, сатып алушылар өздеріне ұнаған телефон моделін сатып алу үшін қажетті қаржыгы беруге дайын. Сондықтан смартфон сатылымының орташа бағасы артқан.
Қытайдық үш жетекші Huawei, Oppo және Vivo өндірушілері нарықтың жиынтық үлесін арттырып келеді. Ол 2017 жылдың қаңтар-наурызында 24 пайызды құрады. Ал 2016 жылдың аталған мерзіміне бұл көрсеткіш 17 пайыз болған.
"Агрессивті маркетинг пен сатылымды алға жылжыту бұл брендтердің нарықтағы үлесін көбейтуге септігін тигізді. Олардың үлесі Үндістан, Индонезия және Тайланд елдерінде өндірілетін маркалардан қарағанда біршама артты", - деп атап өтті Gartner зерттеу компаниясының директоры Аншул Гупта.
Оның айтуынша, Samsung смартфондарының сатылымы І тоқсанда 3,1 пайызға төмендеген. Оған себеп Galaxy Note 7 моделінің баламасы болмады және базалық модельер сегментіндегі жоғары бәсекелестік. Ал Apple-дің сатылым деңгейі біршама артты, бірақ жалпы алғанда нарық өсіміне ілесе алмай жатыр. Керісінше Huawei-дің сатылымы жылдам артып келеді. Ол әлемдік өндірушілер рейтингінде үшінші орынға жетті.
Өз кезегінде Huawei өндірушілеріне басқа қытайлық компаниялардан сақтану қажет. Олардың сатылымы да өсім көрсетті. Huawei тауарының тасымалы - 18,4 пайызға, Oppo-нікі - 94,6 пайызға, ал Vivo маркасының жеткізілімі - 84,6 пайызға артқан.
Операциялық жүйелерін салыстырсақ Android жүйесі iOS және Windows-пен салыстыранда мүмкіндіктерін жақсартты. Ол нарықтағы үлесін 86,1 пайызға дейін көбейтті. Ал iOS үлесі - 14,8 пайыздан 13 пайызға дейін, басқа операциялық жүйелердікі - 0,2 пайызға дейін төмендеді.Тэги:
- 7kun.kz
- Gartner зерттеу компаниясы
- 7күн кз
- Huawei
- Android жүйесі
- гаджеттер
- Oppo
- технология жағалықтары
- Windows жүйесі
- смартфон сатылымы
- Әлемдік смартфон сатылымы
- Vivo өндіруші
- брендтердің нарықтағы үлесі
- Аншул Гупта
- Samsung смартфондарының сатылымы
- Apple-дің сатылым деңгейі
- Huawei-дің сатылымы
- iOS жүйесі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024