Экономика
IT, Технология
Әлемдегі ең үздік 5 қару
Соңғы қару-жарақ түрлері әлемдегі соғыс түрін түбегейлі өзгертері сөзсіз. Себебі, жаңа технологиялар бойынша құрастырылған қару-жарақтардың мүмкіндіктері шексіз.
Әлемдегі соңғы саяси оқиғалар жаңа қару-жарақтардың дүниеге келуіне себепші болуда. Оларға деген арнайы бөлінер қаржы көлемі де жыл санап артып келеді. Мәселен, АҚШ биылғы Конгресс мақұлдаған шешімі бойынша қару-жараққа 585 млрд. АҚШ долларын бөлген. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8 млрд. долларға артық.
Стокгольм инстиутының мәліметінше, биыл Қытай қару-жарағын жаңартуға 159 млрд АҚШ долларын бөлмек. Ең ірі державаның бірі Ресей болса 61,96 млрд АҚШ долларын бөлсе, Германия 48 млрд., Ұлыбритания 57,9 млрд., Франция 61,2 млрд. бөлуді жоспарлауда. Қарулы-күштері қуаттылығы жағынан әлем рейтингінің 21 орнына жайғасқан Украина 2015 жылы өз қорғанысын нығайтуға 44,6 млрд., ал қару-жарағын жаңартуға 14 млрд. АҚШ долларын бөлмекші. Бұл дегеніңіз әлемде біздің құлақ естіп, көз көрмеген жаңа қару-жарақ түрлерінің пайда болады деген сөз. Осы арада 2015 жылы қолданысқа енгізілетін ең үздік қару түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Sikorsky S-97
Sikorsky Aircraft америкалық 50 кәсіпорынмен бірлесе жасаған су жаңа
Sikorsky S-97 маркалы тікұшағын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдегі адам баласы көрген ең керемет тікұшақ. 5 тонна салмағына қарамастан ол 2600 л.с. қуаттылыққа ие. Тікұшақтың сағатына 440 шақырым жылдамдықпен ұшуы үшін фюзеляждың соңындағы қарапайым ротордың орнына айналмалы екі винт орналастырылған. Үздік үлгіде жабдықталған
Sikorsky S-97 маркалы тікұшағы тек жаппай жоюшы құрал түрінен одан бөлек барлаушы, құтқарушы, штурмдық операцияларда да өте ыңғайлы. Аталмыш әскери тікұшақ Американың аты аңызға айналған OH-58D Kiowa Warrior-ын алмастыруы мүмкін.
Иранға арналған 400 млн. АҚШ доллары тұратын бомба
Пентагон өз араларында «АнтиИран» деп атап кеткен
GBU-57 бомбасын қайта жаңартты. Ол бомба арнайы Иран және Солтүстік Корей елдерінің көзін жоюға арналған.
GBU-57 бомбасының қатты корпусы қарсылас қорғанысын тесіп өтіге мүмкіндік береді. Аталмыш бомбаның салмағы 13,6 тонна, ал ұзындығы 6 метр.
Ан-178
Ан-178 жүк тасымалдаушы тікұшақ бірнеше жылдар бойы мінсіз саналып келген
Ан-12 тікұшағын алмастыруы мүмкін. Жаңа техниканың құрамын екі турбо қозғалтқышпен жабдықтау жоспарланған. Ол ұшақтың өте жоғары жылдамдықпен қозғалуына мүмкіндік береді.
Ан-178-дің ең басты ерекшелігі – жүк тасымалдауға арналған бортының кеңейтілгендігі. Ұшақты бейбіт күнінде де, соғыс кезіндеде кәдеге жарамды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде де үлкен көмек.
Пилотсыз ұшақ
Перспективалы қорғаныс жобаларын жасаушы
DARPA агенттігі
Boeing және
Lockheed Martin компанияларымен бірлесіп
SoSITE (System of Systems Integration Technology and Experimentation) жүйсін жасап шыққандарын мәлімдеді. Әскери операция кезінде пилотсыз басқаруды бомбылау мен жойғыштардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Пилотсыз жойғыштар (истребитель) соғыс жағдайында алдау тәсілінде қолданылады. Сондай-ақ, ол кез келген ұшақты діттеген жеріне дейін түрлі қауіптен қорғай отырып жеткізе алады. Бұл соғыс жағдайында қолданушы тараптың адам шығынын біршама азайтары сөзсіз.
Немістердің мобильді лазері
2015 жылы IDEX кормесінде германиялық
Rheinmetall компаниясы соғыс жағдайнда қолданатын
HEL (high-energy laser) жоғары қуатты лазерін көпшілк назарына ұсынды. Ол брондалған Boxer
MRAV (multi-role armoured vehicle) машинасына орналастырылған. Қуаттылығы 20 кВТ болатын мобильді құрылғы алдына келген кез келген объектінің көзін еркін жоя алады.
Rheinmetall компаниясының айтуынша, бұл лазер 3 шақырым жерге дейінгі кез-келген нысанның көзін жоя алады. Алдыңғы
HEL-дермен салыстырғанда, соңғысы қуаттылығы жағынан және қашықтығы жағынан әлде-қайда ілгері.
Дайындаған: Шөкенов Дарын "7"