Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Француздық Leroy Merlin гипермаркеті Қазақстан нарығына келеді

Француздық Leroy Merlin гипермаркеті Қазақстан нарығына келеді

Leroy Merlin тұрмыстық тауарлар ретейлері Қазақстан нарығына келеді. Мұндай келісімге Adeo Groupe компаниясының вице-президенті Дэвид Глассон пен Алматы қаласының инвесторларға қызмет көрсету орталығының өкілі қол қойды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспар бойынша үш супермаркеттің алғашқы құрылысы 2016 жылдың 4 тоқсанында басталып 2018 жылы аяқаталады. Жалпы көлемі - 16 500 шаршы метр. Гипермаркет Алматы қаласының шетінде Aport Mall ОСО орналасқан ауданда салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін 10 млрд теңге қаржы жұмсалады. Ретейлердің ашылуы 350 адамды жұмыспен қамтиды.
Leroy Merlin-нің қалған екі жобасы 2020 жылға дейін Алматы-Қапшағай және Құлжа тасжолында салынатын болады. "Компанияның басты мақсаты - жергілікті тауарларды сату. Гипермаркетте сатылатын тауарлардың 60 пайызы Қазақстан өнімдері болады. Бұл Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кішігірім тауар өнімдерін өндіру ісін дамытуға мүмкіндік береді", - делінген баспасөз хабарламасында. Француздық Leroy Merlin гипермаркеті әлемнің 12 елінде орналасқан. Фото: kapital.kz

Похожие материалы