Әлихан Смайылов Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінген Ақорда сайтында.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, мамандығы: қолданбалы математика. ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтаған, мамандығы: мемлекеттік басқару.
Еңбек жолын 1993 жылы «А-Инвест» Инвестициялық-жекешелендіру қорында бастады.
1995 жылдың желтоқсаны - 1996 жылдың тамызы аралығында – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;
1994 жылдың маусымы - 1996 жылдың мамыры аралығында - ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының студенті;
1996 жылдың тамызы - 1998 жылдың наурызы аралығында – ҚР Ұлттық статистика агенттігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
1998 жылдың наурызы - 1998 жылдың сәуірі аралығында - ҚР Статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;
1998 жылдың сәуірі - 1999 жылдың қарашасы аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
1999 жылдың қарашасы - 2003 жылдың ақпаны аралығында – ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы;
2003 жылдың ақпаны - 2003 жылдың маусымы аралығында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі;
2003 жылдың маусымы - 2006 жылдың қаңтары аралығында – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;
2006 жылдың ақпаны - 2007 жылдың қаңтары аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі;
2007 жылдың қаңтары - 2008 жылдың қарашасы аралығында - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті;
2008 жылдың қарашасы - 2009 жылдың қазаны аралығында - ҚР Қаржы вице-министрі;
2009 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;
2014 жылдың тамызы - 2015 жылдың желтоқсаны аралығында - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;
2015 жылдың желтоқсаны - 2018 жылдың қыркүйегі аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2018 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024