Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ливиядағы ең ірі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты

Ливиядағы ең ірі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты

Ливиядағы ең ірі мұнай кен орны El Feel-дің жұмысы тоқтатылды деп хабарлайды lenta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.  Нақты себептері әлі белгісіз.

Күніне 100 мың баррель өндіретін кен орны Ливияның ұлттық мұнай корпорациясы (NOC) және италиялық Eni арқылы құрылған жергілікті кәсіпорынға тиесілі.

Өткен жылдың соңында да Ливияда бірнеше кен орындары жабылған еді. Бұған Триполидегі өз-өзін жариялаған үкіметке қарсы шыққан "Зинтандық бригада" деп аталатын қарулы топтың құбырларды жауып, El Feel және көрші El Sharara кен орындарының жұмысын бұғаулап тастағандығы себеп болды.

El Feel кен орнының өндірісі мұнай құбырларының бағыты өзгертілуіне байланысты 2015 жылы қайта қалпына келеді. El Sharara әзірге жұмысын бастаған жоқ.

Elephant кен орны Триполидің оңтүстігінен 800 шақырым жерде орналасқан. Аумақтың коммерциялық өңдеуі 2004 жылы басталды. Ливиядағы азаматтық соғыс басталғанға дейін бұл жерде күн сайын 130 мың баррельге дейін мұнай өндірілген.

 

Похожие материалы