Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк валюта курсын реттеуге араласатын болды

Ұлттық банк валюта курсын реттеуге араласатын болды

Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлайды.

" Теңге айырбастау курсындағы баға белгіленімінің өсіміне байланысты Ұлттық банк 2015 жылдың 16 қыркүйегінде ішкі валюта нарығындағы жағдайды қалпына келтіру үшін валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі жағдай валюта нарығы қатысушыларының спекулятивті операцияларына байланысты орын алып отыр", - деп жазылған хабарламада. 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Ұлттық банк жүргізген валюталы интервенция көлемі 144 млн долларды құрады.  Елдің басты банкінің атап өтуінше, теңгенің айырбастау курсы ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптасады. "Ұлттық банк нарықтық деңгейде теңге курсының қалыптасуына араласпайды. Бірақ елдің қаржы жүйесіне тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін валюталы интервенция жүргізу мүмкіндігін сақтап қалды", - деп түсіндіреді Ұлттық банктен. Еске салайық, бүгін Қазақстандық қор биржасындағы америкалық доллар бір тәулік ішінде 1 долларға қатысты 300 теңге деген бағамнан асты. Соңғы аптада елдің ұлттық валютасы долларға қатысты 13,46 пайызға төмендеді. Биржа мәліметі бойынша, америкалық доллар 16 қыркүйектегі сауда сессиясы кезінде теңге курсы еркін айналымға өткеннен бері жаңа рекорд орнатып, 1 долларға қатысты 300 теңгені құрады.

Похожие материалы