Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық банк Delta Bank-тің жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу лицензияларын тоқтату уақытын тағы да ұзартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Лицензия мерзімі 2017 жылдың 1 қарашасына дейін созылды. Мұндай шешім 2017 жылдың 31 шілдесінде қабылданды.
"Бұл шешім Ұлттық банк Delta Bank-тің банктік заңнама талаптарын бұзуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, төлем және аударым операцияларын шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі пруденциялық нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, лицензияның тоқтауы тек жаңадан ашылатын депозиттерге байланысты, банкке қолданыстағы депозиттері мен тұтынушыларына қызмет көрсету рұқсат етілген.
Еске салсақ, бұған дейін "Delta Bank" жеке тұлғалардан 0,25 млрд теңге шамасында, заңды тұлғалардан 85,6 млрд теңге шамасында депозит қаржысын қабылдаған. Банктің депозиттік қоржынының үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5 пайызын құрайды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024