Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк депозит бойынша өтемақы төлеу үшін банктерге бірінші транш жібереді

Ұлттық банк депозит бойынша өтемақы төлеу үшін банктерге бірінші транш жібереді
Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстандық банктер осы жылдың 7 қазанына дейін депозит бойынша курстық айырмашылықтың өтемақысын төлеуге арналған қаржының бірінші бөлігін алады. Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлайды.  Ұлттық банктегі тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Иман Әл-Кейсидің сөзінше, төлемдер 2016 жылдың 10 қазанға, 10 қарашаға және 10 желтоқсанға жоспарланған.

"Банк жіберген мәлімет бойынша Ұлттық банк әрқайсысына қажетті қаржыны жібереді. Арнайы тәртіп бойынша өз депозитін қайта рәсімдеген әрбір салымшыға өтемақы беріледі. Қазір банктер оларға өтемақы сомасын жіберу туралы келісім-шарттармен жұмыс істеп жатыр. 7 қазанға дейін банктерге бірінші транш жіберіледі", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке айырбастау курсынан шығын көрген қазақстандықтар үшін депозиттер өтемақысын енгізуге тапсырма берген еді.

Похожие материалы