Экономика
Ұлттық банк мерейтойлық монеталар шығарды
ҚР Ұлттық банкі үш мерейтойлық және төрт ескерткіш монетасын айналымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескерткіш монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған: "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Тайқазан", "Ғарыш" монеталар сериясынан "Буран", "Қазақстанның қалалары" монеталар сериясынан "Қызылорда" және "Орал", монеталардың номиналдық құны - 50 теңге.
Мерейтойлық монеталар сериясынан шыққандар: "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы", бұлардың номиналдық құны - 50 теңге және мерейтойлық күміс монеталар - "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы", номиналдық құны - 500 теңге.
Монеталардың барлығының дизайны ұлттық валютадағы монеттер мен банкноттардың тұжырымдамасына сәйкес жасалды. Нейзильбер қоспасынан жасалған "Тайқазан", "Буран" ескерткіш монеталарының және "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы" ескерткіш монеталарының алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. Ал "Қызылорда" мен "Орал" монеталары бір мың данамен шықты.
Ақпарат көзі:
tengrinews.kz