Қазақстан Республикасының орталық және бірінші деңгейлі банкі - Қазақстан Ұлттық банкі. Қазақстан Республикасының бағалар тұрақтылығын қамтамассыз етіп, шетелдік және халықаралық банктерімен мүделлі қызмет ететін банктің ел тарихында, қаржы саласында алар орны айрықша. Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бүгінгі күнге дейін Ұлттық Банкті басқарған басшыларға тоқталып өтеміз.
Алғаш рет Ұлттық банкті қаңтар 1992 желтоқсан мен 1993 жылдарда Ғалым Байназаров басқарды.
Ғалым Байназарұлы Байназаров 1944 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысы Жангельдин ауданында дүниеге келген. 1969 жылы АХШИ-ды экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі.
Қазақстан Республикасы азаттығын алған жылдардан кейінгі қиын кезеңге байланысты жаңа нарықтық әлеуметтік-экономиканы қалыптастыру, оның алғышарты болып табылатын дербес қаржы-банк саласын құру міндеті бірінші кезекте болды. Теңгені жасау жобасына қатысып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасы болған басшы қазір «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат инстиутындағы кеңесші қызметін атқарады.
1994 қаңтар мен 1996 жылдар аралығында Даулет Сембаев Қазақстан Ұлттық банкін басқарды.
[caption id="attachment_56825" align="alignnone" width="700"] Фото:almau.edu.kz; Сол жағында[/caption]1935 жылы 10 тамызда Алматы қаласында туған. Бүгінгі таңдағы қызметі 2009 жылдың желтоқсанынан бастап Халықаралық бизенес акдемиясы Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Экс төрағаның негізгі мамандығы - инженер-металлург. Дегенмен де ол өз реформасымен банк тарихында өз орнын қалдырған.
Атақты экономист, бай тәжірибеге толы маман иесі басқарған жылдары Қазақстан қаржысына табыс әкеліп, зейнетақы қорын жасаушы тұлғалардың бірі.
Ол Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келген дағдарыс уақытында жұмыс істеді. Осыған байланысты өзін ол антидағдарыстық менеджер ретінде көрсете білді. Бірақ көпшілік қазақстандықтар үшін ол Қазақстандағы Зейнетақы жүйесінің құрастырушысы ретінде танымал, көпшілік сарапшылар тарапынан үздік деп бағаланды.
Ұлттық банк төрағалығында болған жылдары нарықтық өзгерістердің екінші кезеңі ретінде танылды. Осы кезеңде Қазақстанның өзіндік макроэкономикалық саясаты қалыптасты.
Қазақстан Ұлтық банкін қаңтар 1996 — ақпан 1998 аралығында Ораз Жандосов басқарды.
[caption id="attachment_56842" align="alignnone" width="720"] Фото:Forbes.kz[/caption]1961 жылы 26 қазанда Алматы қаласында туған. Экономист, менеджер және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ел экономикасы мен қаржы саласында атқарған еңбектері зор. Бүгінгі таңда 2009 жылдан бері «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры қызметін атқарады. Банк басшылығына келместен бұрын ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметті жұмыс істеп, кейінірек оппозициялық көшбасшылардың қатарында болды.
Ораз Жандосов басшылық еткен 1996-1999 жылдары макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізген кезең ретінде сипатталады.
Сондай-ақ ол басқарған уақытта Қазақстанның банк жүйесі халықаралық стандарттарға сай дамыды. Реформалаудың бірінші бағдарламасы 1996 жылы қабылданды. Сондай-ақ параллель түрде Ұлттық банк еліміздегі банк жүйесін бақылау бойынша жұмыс жүргізді.
Келесі болып Ұлттық банкті ақпан 1998 — қазан 1999 жылдар аралығында Қадыржан Дамитов басқарды.
[caption id="attachment_56849" align="alignnone" width="1000"] Фото:Tengrinews.kz[/caption]Экономист және саясаткер Кадыржан Дамитов 1959 жылы 16 желтоқсанда Өскеменде туған. Бүгінде 2014 жылы 26 ақпаннан бері «Самұрық-Қазын» ұлттық әл-ауқат қорының өкілі және «БТА» банк АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Қаржы реттеуіштің архивтегі құжаттарынан байқалғандай Қадыржан Дамитов кезінде ұлттық валюта курсы еркін айналымға жіберілген. Бұл тек қана қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін де қалпына келтіріп қоймай, Қазақстан экономикасының дамуына себепкер болды. 1999 жылдың сәуірінде Қадыржан Дамитов бірінші теңге девальвациясын жүргізді, дегенмен бұл процессті Григорий Марченкоға таңады.
Қазақстан Ұлтық банкін қазан 1999 — қаңтар 2004 аралығында Григорий Марченко басқарды.
[caption id="attachment_56850" align="alignnone" width="560"] Фото:zonakz.net[/caption]Ол 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматыда туған. Қазақстандық финансист, банкир, экономист және екі рет Ұлттық банкке басшы болып тағайындалған. 2013 жылы 1 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «отбасылық жағдайына» байланысты Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды. Ол Қазақстан Ұлттық банкін 22 қаңтар 2009 — 1 қазан 2013 — Григорий Марченко қайта басқарды.
Ол басқарған жылдары теңге курсы екі девальвацияны бастан кешіріп, "Мистер Девальвация" деген атаққа ие болды. "Менің оған ешқандай ықыласым болған жоқ, жұмысқа тағайындай салысымен бір аптадан кейін орындауға мәжбүр болдым. Ұлттық банкті сол кезде мен басқарғандықтан, осындай жағымсыз қызметті атқаруға тура келді", - деп түсіндірді кейінірек ол.
Григорий Марченок айырбастау пункттерімен жұмыс кезінде де ерекшеленіп, айырбастау операцияларымен тек банктердің айналысуына міндеттеді. Депутаттар оның ұсынысын қолдамады. Бірақ ол "Валюталық реттеу туралы" заңға өзгерістер енгізіп, Ұлттық банкке валютаны сату, сатып алу курсын бекітуге мүмкіндік берді.
Ұлттық банкті 26 қаңтар 2004 — наурыз 2009 аралығында Анвар Сайденов басқарды.
[caption id="attachment_56852" align="alignnone" width="640"] Фото:Vlast.kz[/caption]1960 жылы 19 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Банкир, финансист, саяси тұлға Қазақстанның қаржы, экономика саласында еткен еңбегі мен тәжірибесі мол. Осы күнде 2011 жылы 15 тамыздан бері БТА банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде.
Ұлттық банктің архив құжаттарына сай, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бері реттеуіштің алдында баға тұрақтылығын қалпына келтіру деген тапсырма қойылды. Бірінші күннен бастап Анвар Сайденов ақша саясатын қатаңдатуы мүмкін екендігін мәлімдеп, бірнеше жыл ішінде алғаш рет инфляцияны ұстау тұру үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін көтерді. Ол басқарған жылдары инфляция көлемі 20,1%-дан 9,5%-ға дейін төмендеді.
Дегенмен Анвар Сайденов жұмысы кезінде банк секторының өз қиындықтары да болды. Шекара сыртына кететін "арзан" ақшалар көлемі бақылаусыз қалып, елдің қарыз тәуелділігіне негатив ықпал етті. 2007 жылдың соңында банктің сыртқы қарызы 46 млрд болды.
Ұлттық банкті 1 қазан 2013 — 2 қараша 2015 аралығында Қайрат Келимбетов басқарды.
Ол 1969 жылы Алматыда танымал тарихшы-ғалым Немат Келімбетов отбасында туған. Мемлекет қайраткері бүгінде 2015 жылдың 24 желтоқсаннан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы қызметін атқарады.
Қ. Келімбетов банк басшысы болып тағайындалған соң, үш күннен кейін реттеуші ақша-несие саясатын сақтап қалады деген баспасөз баяндамасы таратылады. Шыны керек, девальвацияға қатысты уәделер жиі айтылды. Валюта курсының күрт өзгерісі және жаңа ақша-несие саясатына өтеміз деген алдамшы уәделерден бөлек Қайрат Келімбетов Ұлттық банкті Астанаға ауыстыру туралы да ұсынысын айтқан еді. Бірақ "қаржылық қиындықтарға" байланысты нақты орындалады деген шешім жоқ. Еске салайық, президенттің тапсырмасы бойынша, Ұлттық банктің орталық аппараты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанаға ауысуы қажет.
Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы 2015 жылдың 2 қарашасынан бастап Данияр Ақышев
[caption id="attachment_56862" align="alignnone" width="653"] Фото:radiotochka.kz[/caption]Ол 1976 жылы 25 мамырда Алматыда дүниеге келген. Қазақша, орысша және ағылшын тілдерін жетік меңгерген Данияр Акишев экономист мамандығымен жетістіктерге жетіп келеді. Бұған дейін Орталық Азия қор биржасының экономисті, Қ.Р Ұлттық банкін зерттеу орталығында түрлі шенді жұмыстар және Ұлттық Банк төрағасының орынбасыры қызметтерін атқарған.
Жанерке Серікова «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024