Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк басшысы той несиелері туралы айтты

Ұлттық банк басшысы той несиелері туралы айтты

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Сенаттың жалпы отырысы барысында Палата спикері Дариға Назарбаева Ұлттық Банктің үйлену тойын несиелеуге қатысты ұстанымы туралы сұрады.

"Бізде құрылым бойынша барлық банктердің шамамен 9,5% тұтынушылық несиесі - бұл үйлену той. Бұл әр отбасының шешімі, және ешкім де бұл құқықты ешкімнен алған жоқ. Өкінішке қарай, бізде ата-аналар кредит алып, оны балалары төлейтін жағдайлар жиі кездеседі және қарыздар оларға қызмет көрсету түрінде өтеді. Біз Қаржыгерлер қауымдастығымен келістік, банктер өздері қосылады, жұмысты жылдың екінші жартысынан бастап белсенді жүргіземіз және егер несие алынса, ол төленеді және кері қайтарылуы тиіс деп түсіндіреміз", - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Бұл ретте, Досаев той несиесіне тыйым салуға болмайды деп есептейді.

"Өйткені адамдар өз мақсаттарына несие алады. Әрине, біз осы мақсаттар үшін алатын кредиттер саны мен көлемін реттегіміз келеді", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

"Бұдан басқа, тағы екі тараптың – банк пен қарыз алушының несиені қайтармағаны үшін жауапкершілігін анықтау қажет", - деді өз кезегінде Назарбаева. Досаев бұған келісіп, қарастыруға уәде берді.

Похожие материалы