Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы тарату арқылы депозиттердің кетуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банк бөлімшелерінде валютаның жеткіліксіздігі туралы жалған және арандатушылық ақпарат тарады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Барлық банктердің қажетті валюта қоры бар, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жоспарлы режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етеді. Депозиттік база тұрақты, банк клиенттеріне қызмет толық көлемде көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк барлық фактілер бойынша құқық қорғау органдарына жалған ақпарат таратушыларды анықтау мақсатында өтініш білдірді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024