Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Ұлттық банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 21 қыркүйектен 28 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 28 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 3%-ға әлсіреп (352,54 -тен), 363,07 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 21 қыркүйектен 28 қыркүйек аралығында маңызды оқиғалар қытай тауарларына қатысты АҚШ баждарының күшіне енуі, ФРЖ-нің негізгі мөлшерлемені көтеру туралы шешімі, ФРЖ өкілдерінің экономикалық тұрақтылық және монетарлық саясатқа қатысты түсініктемелері, Канада мен АҚШ арасында сауда-саттық қатынастары мәселелері бойынша уағдаластық, ІЖӨ-нің өсуі, ұзақ қолданылатын тауарларға тапсырыстар және АҚШ-тағы жеке тұтынуға шығыстар индексі бойынша экономикалық деректерді жария ету болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың кетуіне байланысты валюта бағамының одан әрі әлсіреуінен қорғау мақсатында Индонезияның ОБ-нің базалық мөлшерлемені 5,75%-ға дейін 0,25%-ға арттыру туралы шешіміне қарамастан 0,6%-ға (14 817-14 903-тен) әлсіреді;

Үндістан рупиясы 0,4%-ға (72,20-дан 72,49-ға дейін) әлсіреді. Орталық Банк банктер үшін өтімділік коэффициентін өтеу мақсаттарында қаражатты пайдалану тетіктерін кеңейтті. Үкімет импортталатын тауарларға салықтарды көтерді. Мұнай бағасының жоғары болуы валюта бағамына қысым көрсетуде, себебі Үндістан мұнайды нетто импорттаушы болып табылады;

Бразилия реалы бір апта ішінде айтарлықтай өзгеріссіз бір АҚШ доллары үшін 4,05 реал деңгейінде саудаланды;

Мексика песосы бір ай бұрынмен салыстырғанда (болжам (-)0,1%) бөлшек сауданың 0,6%-ға өсуі бойынша экономикалық деректерді жария ету, сондай-ақ тамыз айында жұмыссыздықтың 3,47%-ға (болжам 3,53%) төмендеуі аясында 0,6%-ға (18,83-тен 18,72-ге дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді 1,3%-ға (14,32-ден 14,14-ке дейін) нығайды. Moody’s кредиттік агенттігі жерді фермерлерден өтемақысыз тәркілеуді ұйғаратын жер реформасы ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсуге оң әсерін тигізу мүмкіндігі жөнінде түсініктеме берді;

Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және АҚШ Конгресі өкілдерінің қарашада өтетін парламенттік аралық сайлаулардың нәтижелеріне дейін Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізудің күмәнділігі туралы түсініктемелерінің аясында 1,3%-ға ( 66,46 –дан 65,56-ға дейін) нығайды;

Түрік лирасы көлемі жағынан екінші орындағы Акбанк коммерциялық банкінің шетел валютасындағы қысқа мерзімді борышты қайта қаржыландыруы туралы ақпараттың аясында 3,7%-ға (6,29- дан 6,06-ға дейін) нығайды.

Похожие материалы