Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Ұлттық банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2 қарашадан 9 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 9 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,4%-ға әлсіреп (371,31-ден), 372,65 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 2 қарашадан 9 қараша   аралығында маңызды оқиғалар ФРЖ-нің ағымдағы негізгі мөлшерлемені сақтау туралы шешімі, ФРЖ өкілдерінің монетарлық саясатқа және экономикалық тұрақтылыққа  қатысты түсініктемелері, АҚШ президенті Д.Трамп партиясының Өкілдер палатасын бақылаудан айырылған, алайда сенатты бақылауды сақтап қалған  АҚШ Конгресіне аралық сайлаулар, және  АҚШ өндірушілерінің бағалар индексі бойынша  экономикалық деректерді жариялауы болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Ресей рублі  АҚШ үкіметінің демократтардың Өкілдер палатасындағы жеңісінен кейін Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізуінен қауіптенуі, сондай-ақ мұнайдың белгіленген бағасының төмендеуі аясында 2,7%-ға (66,18-ден 67,96-ға дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы орталық банктің қарашадағы отырысының хаттамасында жарияланған елдегі кезекті сайлаудан кейін ішкі саясаттағы белгісіздікті төмендету туралы түсініктемеге қарамастан 0,8%-ға (3,70-тен 3,73-ке дейін) әлсіреді.

Мексика песосы кейбір банк комиссияларын қысқарту туралы Демократиялық революция партиясының ұсыныстарын жариялау аясында 0,6%-ға (20,01-ден 20,14-ке дейін) әлсіреді.

Түрік лирасы болжам 24,5% болған кезде инфляцияның 25,2%-дық деңгейге дейін өсуі бойынша деректерді жариялау аясында 0,6%-ға (5,43-тен 5,46-ға дейін) әлсіреді;

Оңтүстік Африка рэнді  болжам 1,9% болған кезде өнеркәсіптік өндірістің 0,1%-ға өсуі бойынша деректерді жариялау аясында 0,4%-ға (14,30-дан 14,36-ға дейін) әлсіреді;

Үндістан рупиясы 0,1% -ға (72,44-тен 72,50-ге дейін) әлсіреді;

Индонезия  рупиясы ІЖӨ-нің  үшінші тоқсанда жылдан жылға 5,17%-ға өсуі бойынша деректерді жариялау аясында 1,9%-ға (14 955-тен  14 678-ге дейін) нығайды. Орталық банктің мөлшерлемені көтеруіне қарамастан, 5%-дан жоғары өсуі қатарынан жеті тоқсан бойы тіркелген.

Похожие материалы