Ұлыбританияның статистика басқармасының мәліметінше, ақпан айында елдегі инфляция деңгейі 0%-ды құрады. Ел экономикасындағы мұндай жағдай ведомства әр ай сайын тұтынушылар бағасының индексін құрауды бастаған 1988 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр деп хабарлайды ВВС.
Қаңтар айында инфляция 0,3%-ға баяулады, ал азық-түлік, компьютерлік техника және басқа да тауарлар бағалары төмендей бастады. Сарапшылар ақпан айында инфляция 0,1%-ға дейін төмендейді деп болжаған еді. Енді ұзақ жылдар бойы Британияда дефляция тіркелуі мүмкін. Соңғы рет мұндай жағдай 1960 жылы байқаған еді.
Hargreaves Lansdown инвестициялық компаниясының бас есепшісі Бен Бреттеллдің сөзінше инфляция көрсеткіші нолден төмен түсіп кетуі де мүмкін.
Британиялық коммерциялық палатаның болжамынша, инфляцияның рекордты төмен көрсеткіші ел экономикасының дамуына ықпал етеді. Тұтынушылардың көпшілігі үшін азық-түлікпен отын бағасының төмендеуі жағымды жаңалық болады.
Алайда инфляция ұзақ уақыт бойы рекордты төмен көрсеткішін ұстап тұрса, алаңдаушылыққа да негіз пайда болады. Дефляция орын алуының мүмкіндігі жоғарылай түседі. ВВС-дің экономикалық сарапшысы Роберт Пестонның сөзінше, дефляция кезеңінде тұтынушылардың көпшілігі баға төмендегенін байқаған соң ірі сатып алуларды шегере түседі. Олар әрі қарай бағаның түскенін күте береді. Бұл әрекет жаппай белең алса, елдің экономикалық белсенділігіне кері әсерін тигізеді.
Әзірге Англия Банкі базалық есептегіш бәсті 0,5% деңгейінде реттеп отыр. Елдің басты қаржы ұйымының мамандары 2017 жылдың ортасына қарай инфляция 2%-ды құрайды, дефляция туындауына негізгі қауіп жоқ деп есептейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024