Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа бағдарлама жасалды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа бағдарлама жасалды

Астанада қазақ тілін тану технологиясы сынақтан өткізілді. Қазақ тілін тану мүмкіндігі шектеулі жандар үшін компьютерді басқаруға көмектеседі. Бұл жөнінде Информатика мәселелері және басқару Институтының талдау және ақпараттық үдерістерді модельдеу зертханасының меңгерушісі Рүстем Мұсабаев айтты.

Аталған бағдарлама көзі нашар көретіндер мен зағип жандарға арналған арнайы кітапхананың компьютерлеріне орнатылды. Одан бөлек, бұл технологияны Қазақ зағип жандар қоғамының мүшелері сынап көрді. Мұсабаевтың айтуынша, тұтынушылар қазақ тілін тану бағдарламасының сапасын арттыруды ұсынған. Сол себепті құрастырушылар компьютердің қазақ тілін тану бағдарламасын жақсартуды көздеп отыр. Айта кетсек, бағдарлама тұтынушыны тек тыңдап қана қоймай, онымен мемлекеттік тілде сөйлесе де алады.

Қазақ тілін тану бағдарламасы зертхананың алғашқы жобасы емес. Сонымен бірге, мамандар 3D технологиялар негізінде жасанды ақыл элементтерін пайдалану арқылы"машиналық" көру жүйесін жасап жатыр. Ол адамның жасанды, компьютерлік көшірмелерін жасап, оның қимылдарын жасауа қабілетті. Одан бөлек, аталған жүйе қимылдарды өзіне берілген нұсқау ретінде де қабылдай алады.

Похожие материалы