Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында босқындар лагерін салуға 340 млн теңге бөлінді

Маңғыстау облысында босқындар лагерін салуға 340 млн теңге бөлінді

Ақтау. 30 қаңтар. 7kun.kz - Маңғыстау облысында босқындарға арналған лагерь салу жоспарланып отыр. Нысан құрылысына облыс бюджетінен 340 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысының экономикасын басқару және бюджетін жоспарлау жөніндегі жетекшісінің міндетін атқарушы Светлана Нарешева мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Оның айтуынша, босқындарға арналған алғашқы лагерьді Бейнеу ауданында салу жоспарланған. Сондай-ақ, тағы бір лагердің құрылысы Қарақиян ауданында басталуы мүмкін.

«Қорғаныс бағдарламасының "Терроризмге қарсы тұру және қарсы әрекет жасау" бөлімі бойынша босқындарға арналған лагерь салу жоспарлануда. Бюджеттен 340 млн теңге бөлінді", - деді Светлана Нарешова Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау филиалында өткен кездесуде.

Оның сөзінше, өңірге босқындар келмеуі мүмкін. Алайда, облыс барлық жағдайға дайын болуы керек.

«Бюджеттен бөлінген қаржы 1000-ға жуық адамды қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Бірақ бұл бізге қашқындар келеді деген сөз емес. Бұл - резерв. Егер осындай жағдай орын алып жатса, аудандар дайын болады және алғашқы лагерь құрылысы үшін Өзбекстанмен шекаралас Бейнеу ауданы таңдалды", - деді ол.

Фото: lada.kz

Похожие материалы