Экономика
IT, Технология
MacBook Pro моделінің жаңарған нұсқасы сатылымға шықты
Apple компаниясы Retina дисплейлі 15 дюймдық MacBook Pro ноутбуктерінің жаңарған нұсқасын сатылымға шығарды. Бұл жөнінде компанияның баспасөз-баянында жазылған.
Құрылғы көптеген жаңа ишараттарды қолдайтын Force Touch трекпадымен жабдықталған. Сонымен қатар, аса жылдам флеш-жады мен ұзағырақ жұмыс жасауға қабілетті аккумуляторы бар. Дискретті графиканың өнімділігі де артқан.
Бұған қосымша Apple 27 дюймдық жаңа iMac-тың нұсқасын таныстырды. Ол Retina 5K дисплейімен, 4 ядролық процессормен және AMD графикамен жабдықталған.
Ресейде екі құрылғының да бағасы 140 мың рубльден басталады.
Apple наурыз айында Macbook Air ноутбуктары мен 13 дюймдық Macbook Pro-ның конфигурациясын жаңартқан болатын. Осыған дейінгі жаңартылған нұсқа 2014 жылы шыққан еді.