Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

MacBook Pro моделінің жаңарған нұсқасы сатылымға шықты

MacBook Pro моделінің жаңарған нұсқасы сатылымға шықты

Apple компаниясы Retina дисплейлі 15 дюймдық MacBook Pro ноутбуктерінің жаңарған нұсқасын сатылымға шығарды. Бұл жөнінде компанияның баспасөз-баянында жазылған.

Құрылғы көптеген жаңа ишараттарды қолдайтын Force Touch трекпадымен жабдықталған. Сонымен қатар, аса жылдам флеш-жады мен ұзағырақ жұмыс жасауға қабілетті аккумуляторы бар. Дискретті графиканың өнімділігі де артқан. Бұған қосымша Apple 27 дюймдық жаңа iMac-тың нұсқасын таныстырды. Ол Retina 5K дисплейімен, 4 ядролық процессормен және AMD графикамен жабдықталған. Ресейде екі құрылғының да бағасы 140 мың рубльден басталады. Apple наурыз айында Macbook Air ноутбуктары мен 13 дюймдық Macbook Pro-ның конфигурациясын жаңартқан болатын. Осыған дейінгі жаңартылған нұсқа 2014 жылы шыққан еді.

Похожие материалы