Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медеу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Медеу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқалықов екі айға қамауға алынды. Ол 1,3 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы бірақатар БАҚ жариялады.
Шенеунікті Коррупцияға қарсы қызметтің өкілдері 3 маусым күні жедел іздестіру шаралары кезінде ұстаған. Тексеру кезінде 1,3 млн теңге айғақ зат алынған. "Күдікті ауыр қылмыс жасады. Медеу аудандық №2 соты Талғат Әбдіқалықовты екі ай қамауға алу туралы санкция берді", дейді Алматы қалалық сотының ақпараттық қамтаамасыз ету бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.  

Похожие материалы