Соңғы 80 жылда Мексика бірінші рет өз мұнай нарығына шетелдік инвесторларды шақырып, Мексика шығанағындағы 14 мұнай барлау-өндіру учаскесін сатылымға шығарды деп хабарлайды BBC.
Алайда ел үкіметі күткендегідей болмай, сатылымға қойылған 14 нысанның 2-уі ғана сатылып, аукционға қатысуға ниет білдірген 25 компанияның тек тоғызы ғана қатысты. Бұған дейін Мексика мұнай өндіруден әлем бойынша 5 орында тұрса, соңғы кезде 10 орынға тұрақтаған. Би-би-си тілшісінің айтуынша, мұнай учаскелерінің жеке меншікке берілуі Мексика үшін тарихи сәт. Өйткені 1938-жылдан бастап елдегі мұнай өндірісі орындарының барлығы дерлік мемлекет меншігіне өткен болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024