Экономика
Экономика1
Мексика алғаш рет мұнай барлау-өндіру орындарын сатылымға шығарады
Соңғы 80 жылда Мексика бірінші рет өз мұнай нарығына шетелдік инвесторларды шақырып, Мексика шығанағындағы 14 мұнай барлау-өндіру учаскесін сатылымға шығарды деп хабарлайды BBC.
Алайда ел үкіметі күткендегідей болмай, сатылымға қойылған 14 нысанның 2-уі ғана сатылып, аукционға қатысуға ниет білдірген 25 компанияның тек тоғызы ғана қатысты.
Бұған дейін Мексика мұнай өндіруден әлем бойынша 5 орында тұрса, соңғы кезде 10 орынға тұрақтаған.
Би-би-си тілшісінің айтуынша, мұнай учаскелерінің жеке меншікке берілуі Мексика үшін тарихи сәт. Өйткені 1938-жылдан бастап елдегі мұнай өндірісі орындарының барлығы дерлік мемлекет меншігіне өткен болатын.